Лента новостей
0

Ж.Жаппарқұл ата-баба рухына арнап ас берді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 26.08.2016 18:08 Zakon.kz
Жиын соңында «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов әруақтарға құран бағыштап, ақ батасын берді.

Бүгін барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыз Ж.Жаппарқұл туған-туыстарын жиып, елге аман-есен жеңіспен оралғанына ата-баба рухына бағыштап ас берді. Бұл туралы zakon.kz, Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Асқа жиналған көпшілік Қазақстанның көк байрағын көкке желбіреткен, зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы Жазираны жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекеде мұнанда биік белестерді бағындырып, Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленуге тілектестігін білдірді.

Ал Жазира Жаппарқұл өз кезегінде жеңіске жетуіне көптің қолдауы түрткі болғанын жеткізді. Әсіресе зілтемір көтеруге шыққанда әруақтарға сыйынып, іштей дұға қылғаның алға тартты. Сонымен қатар, спортшы кез-келген жарысқа барарда құран оқытып, үлкендерден бата алатынын әдетке айналдырған.

Сондықтан болар спортшы үкілеген ел үмітін ақтап, әлемнің кіл мықтылары жиналған жарыста топ жарып, жеңіске жетті. Қазақстан жанкүйерлерінің сенімін ақтады.

Жиын соңында «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов әруақтарға құран бағыштап, ақ батасын берді.


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: