Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ҚР ҚК-нің әскери полициясы қызметшілерін халықаралық байқаудағы жетістіктерімен құттықтады

26 августа 2016, 17:54

4 әскери қызметшіге әскери полиция органдарының дербестендірілген белгісі берілді.

ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында Армия халықаралық ойындары шеңберінде «Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауында Қазақстанның намысын қорғаған жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Кинолог әскери қызметшілер аға лейтенант Кәрім Ыбыраевқа, майор Бейбіт Жақсыбаевқа, капитан Бауыржан Мұқышевқа, сондай-ақ, Армия ойындарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты болған офицерлерге Әскери полициясы бас басқармасы бастығының атынан бағалық сыйлықтар – атаулы сағаттар табыс етілді. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери полицияның гарнизондық бөлімшелерінде кинологиялық бөлімшелерге ит күркеге, сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған кинологиялық қызметтің тұрмыстық қызметінде қажетті тоңазытқыштар табысталды. Одан басқа, 4 әскери қызметшіге әскери полиция органдарының дербестендірілген белгісі берілді. «Әскери полицияның кинологиялық орталығын құру қажеттілігі туындайды. Қызметтік иттерді сапалы іріктеу, асырап-бағу, кинолог мамандарды дайындау және қайта дайындаудың жаңа әдістемелерін енгізу және зерделеу, қызметтік іздестіру иттерін үйрету бойынша қажырлы жұмысты жалғастыруды қажет етеді. Сондай-ақ, келесі Армия ойындарына дайындық та маңызды болып отыр. Онда командамыз жеңіс тұғырынан көрінуді әрі қарай жалғастырып, жеңімпаздар қатарында болып, Қазақстанымыздың туын көкке желбірететініне сенімдімін. Мұндай оң оқиғалар әскери полиция органдарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында болып жатқаны аса маңызды» - деді құттықтау сөзінде Әскери полициясы бас басқармасының бастығы генерал-майор Тимур Дәндібаев.

Армия халықаралық ойындары – 2016 шеңберінде «Адал дос» тұңғыш халықаралық кинологиялық байқауында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғаған әскери полиция органдары кинолог мамандарының командасы Қытай, Ресей, Белоруссия қарулы күштерінің 5 командасы мен Ресей Федерациясының ААФКЕҚ командасы арасынла 2-ші жалпы командалық орынды жеңіп алғанын естеріңізге сала кетейік. Одан басқа, дог-биатлон (эстафета) конкурсы кезеңдерінің бірінде капитан Бауыржан Мұқышев 4 бәсекеге түскен командалардан оза шауып, атыс шебінде жақсы нәтиже мен оқ ату дәлдігін паш етіп, 1-орынды еншіледі.

Фото: www.mod.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...