Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Ақ орамал – бейбітшілік пен келісімнің бастауы

29 августа 2016, 14:57

Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, əлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болып табылады.

Шымкент қаласындағы Даңқ мемориалында Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Ақ орамал» акциясы қорытындыланды, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Елбасының Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында өткен шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова сөз сөйледі.

Акция барысында еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мән-маңызын көпшілікке жеткізу мақсатында қазақ дәстүрімен үйлестірілген театрлық көрініс көпшіліктің назарына ұсынылып, ақ орамал тартқан 150-ден аса аналар шеруі Даңқ мемориалына келіп, отты қару басына (ұңғысына) бейбітшілік пен татулықтың белгісі ретінде ақ орамал байлады.

Іс-шара барысында бейбітшілік жолында қаза тапқан азаматтарды еске алу мақсатында Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды.

Аталмыш акция еліміздің барлық өңірлдерінде, облысымыздың аудан, қалаларында бір мезетте ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, əлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болып табылады.

Отыз күнге созылған «Ақ oрамал» акциясы аясында облыстың барлық аудан, қалаларында ақ жаулықты аналардың перзентханадағы жас аналарға, неке сарайында қалыңдықтарға ақ орамал тағып, ақ бата беру рәсімдері ұйымдастырылды.

Ақ орамалдың қазақ тарихында философиялық мағынасы терең. «Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...