Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Мемлекет басшысы Астанадағы №84 мектеп-лицейде болды

31 августа 2016, 16:56

Елбасы мектептің оқу сыныптарын аралап, мұғалімдермен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында білім беру саласын дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

– Көптеген жастарымыз шет елдерде білім алуда, бұл жылдарда еліміз бойынша 1700-ден астам мектеп, соның ішінде зияткерлік мектептер ашылды. Биыл 60 жаңа оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы қадамдар жас ұрпақтың өсіп-өркендеуі мен еліміздің болашағы үшін жасалып отыр. Бұл мектеп шейх Халифпен келісім негізінде соның қаражаты есебінен салынды. Сол үшін оған алғыс айтамын, – деді Қазақстан Президенті.

Жалпы ауданы 14 мың шаршы метр болатын, 1200 оқушыға лайықталған жаңа мектептің 48 оқу кабинеті бар. Білім беру қазақ және орыс тілдерінде екі ауысым бойынша жүзеге асырылады.

Оқу орнының инфрақұрылымы 30 орындық оқу залы бар кітапхананы, 360 орындық мәжіліс залын, спорт залын, жүгіру жолағын, сондай-ақ футбол, баскетбол, волейболмен айналысуға арналған алаңдарды қамтиды.

Фото: bnews.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...