Лента новостей
0

ҚР ҚК-нің десантшылары техникада су кедергілерінен өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 00:05 Zakon.kz
Практикалық іс-қимылдар арнайы жабдықталған су қоймасында өтті.

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері ЖӘЖМ-2 жаяу әскердің, БТР-80 броньды транспортеры және КЖБС көп нысаналы жеңіл броньдалған сүйретпенің механик-жүргізушілері және жүргізушілерімен практикалық сабақ өткізді. Қазақстандық десантшылар техникада су бөгеттерінен өтуді пысықтады. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Минитрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Практикалық іс-қимылдар арнайы жабдықталған су қоймасында өтті. Оның тереңдігі 4,5 метрді құрайды. Әскери техниканың жүзбелі қозғалысының бірқатар айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар. Суда машинаны тізгіндеу кезінде барлығы «бөгеліп» іске асырылады. Яғни, құрлықпен салыстырғанда, машина бірден бағына қоймайды. Әскери қызметшіге басқару тетігінің (рөлдің) қалай жұмыс жасайтынын сезіну қажет.

Оқу жаттықтырудың мақсаты жеке құрамға су кедергілерін бұзып өтуге қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау бойынша жұмыстар тізбесіне оқытып-үйрету, судан машиналарды көшіру тәсілдерін көрсету, су бөгеттерін бұзып өту, сондай-ақ, машиналардан көшіру кезінде қауіпсіздік шараларын зерделеу болып табылады. Сабақтарға 61993, 18404, 32363, 12740, 29108 әскери бөлімдерінен 400-ге жуық әскери қызметші тартылды. Мұндай жаттығулар ҚР Қарулы Күштерінде күн сайын жылына бір рет өтетінін айта кетейік.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: