Лента новостей
0

ОҚО әкімі олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, автокөлік мінгізді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 15:57 Zakon.kz
Спортшылармен болған кездесуде аймақ басшысы соңғы жылдары өңірімізде ауыр атлетика мен күреске айрықша көңіл бөлініп, аталған спорт түрлерімен жастардың көптеп айналысып жатқанын жеткізді.

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Рио Олимпиадасының жеңімпаздары – күміс және қола медаль иегерлері Жазира Жаппарқұл мен Отгонцэцэг Галбадрахты қабылдап, спортшыларды марапаттады. Облыс әкімі халықаралық бәсекеде еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшы қыздарға «Нұрсат» шағын ауданынан екі және бір бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстап, кәсіпкерлердің атынан «Toyota Land Cruiser 200» және «Toyota Land Cruiser Prado» джип автокөліктерін мінгізді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Сіздер Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жүргенде барша жерлестеріміз Өздеріңіз үшін жанкүйерлік танытып, күні-түні тілеулес болды. Сондықтан бұл сый-сияпатты бүкіл Оңтүстік жұртшылығының атынан берілген алғыс деп біліңіздер», - деді Б.Атамқұлов.

Өз кезегінде, спортшы қыздар – Жазира мен Отгонцэцэг саланы дамытудағы қолдаулары үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, 2020 жылы Токиода өтетін халықаралық олимпиадада ел үмітін ақтап, барын салатындықтарын жеткізді.

Спортшылармен болған кездесуде аймақ басшысы соңғы жылдары өңірімізде ауыр атлетика мен күреске айрықша көңіл бөлініп, аталған спорт түрлерімен жастардың көптеп айналысып жатқанын жеткізді. Салауатты өмір салтын ұстануға Елбасының да жете мән беріп, көңіл бөлуінің арқасында әр ауылдан спорт кешенін ашу жұмыстарының жүріп жатқанын айтқан облыс әкімі халқымызды бұқаралық спорт түрлеріне жиірек тарту басты мақсат екенін алға тартты.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: