Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ОҚО әкімі: Бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің өз ағаш көшетін отырғызуды ұсынамын

1 сентября 2016, 11:06

Абай ауданына қарасты «Ынтымақ» шағын ауданы халқының күн санап өсуіне байланысты бой көтерген жаңа мектеп 900 балаға шақталған.

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Шымкент қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген №54 жалпы орта мектебінің «Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасына қатысып, жаңа оқу жылында шәкірттерге сәттілік тіледі. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Еңбектің ең үлкені – Білім! Жаһандану процесі барысында біз білім сапасына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ел боламыз. Биыл 73 мыңнан аса бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, төрт мыңға жуық балаға көбейген. Мен облысымызда бірінші сыныпқа барған әрбір шәкірттің мектеп алаңына өз ағаш көшетін отырғызуды ұсынамын. Бұл жақсы дәстүрге айналса екен деймін. Әрбір оқушы өз ағашының көркейгенін көріп өссе, келешекте мейірімді, қоршаған ортаға жанашыр болады. Бұл да бала тәрбиелеудің бір амалы деп ойлаймын», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, Абай ауданына қарасты «Ынтымақ» шағын ауданы халқының күн санап өсуіне байланысты бой көтерген жаңа мектеп 900 балаға шақталған. Заман талабына сай жабдықталып, балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасайтын типтік оқу орны 3 қабатты. Мектепте 29 оқу кабинеті, химия, физика, биология лабораториялары, мультимедиялы – лингофонды, компьютер класы, кітапхана, мәжіліс және оқу залы бар.



Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...