Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

«Жас ұлан»республикалық әскери мектептерінің тәрбиеленушілері үшін алғашқы қоңырау соғылды

1 сентября 2016, 13:42

Төрт әскери мектепте 1 600-ге жуық ұлан білім алады. Оның шамамен 500-і биылғы жылы мектеп тәрбиеленушілері атанды.

Бүгін Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің барлық тәрбиеленушілері үшін жаңа оқу жылының басталуын білдіретін алғашқы қоңырау соғылды. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Төрт әскери мектепте 1 600-ге жуық ұлан білім алады. Оның шамамен 500-і биылғы жылы мектеп тәрбиеленушілері атанды. Астанада салтанатты рәсім Кеңес Одағының батыры, армия генералы, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсініне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сөз сөйлеуде 3-ші оқу ротасының ұланы Алекс Жұмағұлов тәрбиеленушілердің атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығына қамқорлығы үшін алғыс білдірді және ұланның абыройына нұқсан келтірмей жақсы оқу үшін барлық күш-жігерлерін салатынына сендірді. 3-ші оқу ротасының ұланы Жеңіс Дамир және №79 орта мектебінің бірінші сынып оқушысы Сәтбай Сағадат алғашқы қоңырауды соқты.

Салтанатты митингтен кейін мектеп көркемөнерпаздарының концерті өтті. Тәрбиеленушілерге арнап ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы аясында «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Мектепке келген меймандар білім ошағының оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ, ұландардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» әскери мектебінде қамқорлыққа алынған балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-аналары мүгедек болып табылатын көп балалы отбасылардың балалары, сондай-ақ, толық емес жанұялардың тәрбиеленушілері білім алады. Жыл сайын мектепте тәрбиеленушілерді іріктеу сапасы жақсаруда, жасұландықтардың дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Білім беру үдерісінің іс жүзіндегі маңыздылығы артты, тәрбиеленушілердің зияткерлік тұрғыда дамуына ерекше көңіл бөлінеді.

Барлық оқу-тәрбие процесі балаға кішкентай кезінен бастап өз Отанына адал болуына, оны сүюге және ұлтжанды болуына баулуға қойылған. Мектеп тәрбиеленушілері мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете оқиды, күшейтілген түрде дене даярлығымен шұғылданады және әскери пәндерді зерделейді. Одан басқа, бүгін мектептерде ҚМ мен ҚР ҚК басшылық құрамының өкілдері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы шеңберінде «Ерлік сабақтарын» өткізді. Әскери қызметшілер оқушыларға Қарулы Күштердегі қызметтің ерекшелігі мен беделі, Қарулы Күштердің жетістіктері, Отанды қорғаудың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. «Ерлік сабақтары» биылғы жылы екінші рет өткізіліп тұр. Бұл сабақтың мақсаты жастардың патриоттық рухын, олардың ҚР Қарулы Күштерінің қатарында қызмет етуге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Фото: www.mod.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...