Лента новостей
0

Төлебиде бес мектеп пайдалануға берілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.09.2016 15:45 Zakon.kz
Жаңадан ашылған барша мектептің ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жаңа оқу жылында Төлеби ауданына қарасты бес елдімекенде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800 орындық бес мектеп пайдалануға берілді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданның Әңгірата, Абай, Көксәйек, Жіңішке және Керегетас елді мекендерінен ашылған білім ошақтары мектепке баратын бала санының артуына байланысты бой көтерген болатын. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Білім ұяларының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, Төлебиде 150 орындық екі мектеп және 250 орындық үш мектептің есігі оқушыларға айқара ашылғанын хабарлады.

Жаңадан ашылған барша мектептің ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туығызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 оқу жылына мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жалпы облыс бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінген.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: