Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түркістандықтар Жазираға "тұлпар" мінгізді

Байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен, қала әкімі Ә.Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сыяпат жасады.

Фото : 5 сентября 2016, 10:15

Түркістан қаласындағы орталық Есімхан алаңында шаһар тұрғындары Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен 19 жастағы түркістандық палуан Дидар Хамзаны зор қошеметпен қарсы алды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Байрақты бәсекеде ел намысы үшін сынға түскен қос саңлақты алдымен, қала әкімі Ә.Өсербаев құттықтап, қаржылай сый-сыяпат жасады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты Р.Тәңірбергенов сөз алып, күміс қызға жеңіл автокөліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.

Ерекше ықылас білдірген қала жұртшылығына алғысын жеткізген Жазира Жаппарқұл өз сөзінде Түркістан қаласының жастарын «Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін даярлайтын спорт мектебінен» ашылған ауыр атлетика үйірмесіне қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Жазира Жаппарқұл Рио төрінде кіл мықтылармен жарысқа шыққанда көптің қолдауын сезінгенің жеткізді. Әсіресе көк байрақты ұстаған жанкүйерлерді көргенде көңілі көтеріліп, өзіне деген сенімділіктің артқаның айтты. Зілтемірші болашақта да ел намысын қолдан бермей, еліміздің туын талай мәрте биікке көтеретініне сөз берді.

Фото: ontustik.gov.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии