Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ОҚО-да 470 мың тонна масақты дәнді дақыл жиналды

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады.

Фото : 6 сентября 2016, 13:59

Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Бұл Қазақстанның егенмендік алған жылдардан бергі өңір дихандарының жеткен жетістігі деп білеміз.

Мәселен, Қазығұртта 42 мың га жерге егілген астықтан гектарына 26,5 цт, Төле би ауданы 20,6 мың га астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, түлкібастық шаруалар 24,8 мың га алқаптан 25,2 центнерден өнім алған.

Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың га орылды. Оның гектарынан 42,4 цент, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың га орылып, одан 20,1 мың тонна өнім жиналып отыр. Алдын-ала есеп бойынша диқандар әр гектарынан 7 центнерден жалпы 52 мың тонна өнім жинауды жоспарлауда.

Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.

Фото: ontustik.gov.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии