Лента новостей
0

ОҚО Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.09.2016 23:43 Zakon.kz
Ахметжанов Нұрболат 1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.

Бүгін конкурстық іріктеудің негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы лауазымына Ахметжанов Нұрболат тағайындалды, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ахметжанов Нұрболат 1963 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі концерттік орындаушы, оқытушы, заңтану бакалавры.

1990-1998 жылдары Павлодар облыстық филармониясында концертмейстер, оркестр директоры, оркестр артисті, С. Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтында педагогика және музыкалық-эстетикалық тәрбие беру кафедрасының оқытушысы қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі өтілін 1998 жылы Павлодар облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары ретінде бастаған.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде халық шығармашылығы және аймақтық саясат басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппараты заң бөлімінің бас консультанты лауазымдарында қызмет атқарған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде өнер департаменті директорының орынбасары, мәдениет және тілдерді дамыту департаменті директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер жұмыстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: