Лента новостей
0

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі: білім алу үшін тиімді жинақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2016 15:15 Zakon.kz
Кеше ғана қамқор ата-аналар балаларын жаңа оқу жылына дайындау үшін ұзын сонар кезекке тұрып, мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтарын алып әуре-сарсанға түсті.

Бірнеше жылдан соң бала мектеп бітірген кезде сол ата-ананың уайымы одан бетер күшейе түспек, өйткені ол кезде ата-ана үшін баласының мамандық алуы, оның колледжде немесе ЖОО-да оқуына ақы төлеу басты мәселеге айналары сөзсіз.

Осы өзекті мәселені шешуге көмек ретінде елімізде үш жылдан аса уақыттан бері Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) жұмыс істейді. Жүйе банкте білім беру жинақтау депозитін ашып, әрі қарай мемлекеттің қолдауымен болашақта білім алу үшін қаражат жинақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстанның 15 000 аса азаматы өзінің немесе баласының Қазақстанның не шетел колледжінде/ЖОО-да оқуын төлеуге мақсатты түрде қаражат жинауда.

Білім беру жинақтау депозитін ашудың артықшылықтары:

1. 14% банк сыйақысы мен 5-7% мемлекет сыйлықақысының есебінен жинағыңыздың табыстылық мөлшері 19-21% болады.

2. Балаңыз мектепті бітірген сәтте оның оқуын толық немесе ішінара төлеуге қажетті сомаңыз дайын болады. Нәтижесінде, ертеңгі күніңізге уайымдамайсыз, сенімді боласыз.

3. Балаңыздың грантқа ғана үміттенбей, қалаған мамандығын таңдау мүмкіндігіне ие болуы өте маңызды. Алайда, егер ол грантқа іліксе, жинақталған қаражатты мемлекеттің сыйлықақысын сақтай отырып, кез-келген мақсатта жұмсауға болады, қаласа, басқа баланың атына аударуға немесе оқуын әрі қарай магистратурада жалғастыру үшін жинақтауды жалғастыруға ерікті.

4. Сіздің жинақтарыңыз 10 млн.теңгеге дейін Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қорымен қорғалған. Бұған қоса, мемлекет сыйлықақысы салықтан босатылған.

Депозит ашу үшін нені білген жөн:


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: