Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ШҚО-да дала өртін сөндіру кезінде тұтастай жанып кеткен көлік табылды

7 сентября 2016, 14:23

ШҚО-да өрт сөндірушілер Жарық ауылдық округіндегі дала өрті орын алған жерде тұтастай жанып кеткен автокөлікті табылды.

Өңірдегі Тарбағатай және Жарма аудандарында бірінші дала өрттері тіркелді. Түске дейінгі уақытта Тарбағатай ауданындағы тілсіз жау ауыздықталды. Өрт аумағы 50 гектарға жуық жерді қамтыды. Оны сөндіруге ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 21 қызметкері және ерікті өрт сөндіру құрамасынан 53 адам тартылды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Сонымен қатар Жарық ауылында қызыл жалынмен күрес жүргізілді. Бұл жерде 100-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде 90-ы еріктілер. Шамамен бұл аумақта тілсіз жау 100 гектар жерге таралды.

Белгілі болғандай, осы жерде өрт сөндіру кезінде толықтай жанып кеткен автокөлік табылды. Қазіргі кезде өрт себептері анықталуда.

Атап айтқанда, тек үш күннің ішінде өңірдің өрт сөндіру бөлімшелері 16 рет дала өртін сөндіруге барды. Негізінен ашық алаңдардағы құрғап кеткен шөптесін жер жануда.

Осы ретте өрт сөндірушілер арнайы көлікке су толтыруға баратын орындардың қашықтығы қиындық туындатып отырғанын атап өтуде.

Автор: Руслан Ғаббасов

Фото: www.inform.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...