Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

РФ-да қазақстандық өндірістің 50-ге жуық әскери және қос мақсаттағы бұйымы ұсынылды

Әскери және қос мақсаттағы бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылған.

Фото : 8 сентября 2016, 16:28
ҰҚШҰ-ның делегациясы Бас хатшы Николай Бордюжаның басшылық етуімен бұл күндері Ресей Федерациясында өтіп жатқан «Армия-2016» халықаралық әскери-техникалық форумы барысында қазақстандық стендті көруге барды. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Ыдырысов ұлттық компанияның қызметі туралы әңгімелеп, меймандарды техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілерімен таныстырды, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың экспозициясымен ресей кәсіпорындарының өкілдерімен келіссөздерге қатысу үшін Кубинка қаласына келген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров та танысты. Қазақстан форумда алты кәсіпорынмен ұсынылған. Олар: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ, АО «№405-авиажөндеу зауыты», сондай-ақ, «Zhasampaz» консорциумы. Компанияның стендтінде әскери және қос мақсаттағы бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылған.

Олардың арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарды өндірушілерге арналған кеме гидравликасының толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының сұлбалары, сондай-ақ, қазақстандық өндірістің броньды кеудешелері, дулығалары мен әскери киім-кешегі бар.

Фото: www.mod.gov.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии