Выступление Генерального Прокурора РК на заседании круглого стола на тему: «Справедливость - главный критерий правовой защиты»
(г.Астана, 8 сентября 2016 года)

 

 

 

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы!

 

Қадірлі әріптестер!

 

Сот беделі - бүкіл биліктің абыройы. Бірақ, сол абыройды арттыру тек соттың ғана емес, бүкіл мемлекеттік аппараттың міндеті.

Сондықтан осы бағытта Жоғарғы Сотпен біз 5 жобаны жасадық. Екеуі бүгінге толық орындалды.

Үш жылда түрмедегілер 52 мыңнан 36 мыңға дейін, яғни 30 пайызға азайды. Ең бастысы, қамауға алынбағандар мен босап шыққандардың қайталап қылмыс жасауы кеміді.

13 жылы «Бітімгершілік» Жобасын бастадық. Оның негізгі идеялары жаңа ГПК-ға кірді.

Жақында жаңадан тағы 3 жобаны әзірледік.

Біріншісі - жазалау практикасында қылмыстық айыппұлды кеңірек қолдануға қатысты.

Екіншісі - ақпараттық жүйені тиімді пайдалану арқылы сот пен прокуратура жұмысындағы заңдылықты күшейтуге байланысты.

Ал, үшіншісі осы отырысқа себеп болып отыр.

15-ші жылы соттар 400 мыңға жуық азаматтық дауды қарады. Жеңілгендердің сотқа деген өкпесі қара қазандай. «Протест келтірмедің» деп прокурорларға да наразы. Бірақ, көп жағдайда, бұл олардың кемшілігі немесе қателігі емес.

Екі мысал.

Ауылда тұрған 76-ғы қария өмір бойы жиған мал-мүлкін сатып, бала-шаға, немере, келіндері, барлығы 7 адам Екібастұзға көшеді. Бірақ, үйді сатушылар алаяқ, ал құжаттар жалған екен. Сөйтіп, сот бүкіл семьяны пәтерден шығарып жібереді. Қария кісі: «Бұл қалай? Ақшаны қолма-қол санап бердім. Нотариус растады. ЦОН құжатты тіркеді. Менің қандай кінәм бар? Сонда не, заң қу мен сұмның пайдасын жақтағаны ма? Адал адамды алдауға жағдай жасап қойғаны ма?» деп күйінеді. Отбасымен далада қалған қарт мұндай қорлыққа шыдамай қайтыс болған.

Алматыда бір әйел күйеуі түрмеде отырғанда жалған доверенность жасап, пәтерін сатып жіберген. Кейін ол бірнеше рет сатылған. Алтыншы алушыға жеткенде күйеуі босап шығып, «сатуға келісім берген жоқпын» деп сотқа жүгінген. Дау оның пайдасына шешіледі. Соңғы сатып алушы үйден де, ақшадан да айырылған.

Былтыр соттарда осындай категорияға жататын 135 мың дау қаралды. Ол барлық істердің үштен бірі.

Айтылған мысалдарда сот шешімдері заңды. Оларға еш күмән жоқ. Бірақ, жеңілген жақ, әрине, сотты кінәлайды. «Біздің не жазығымыз бар? Мүлікті заңды жолмен сатып алдық. Неге зардап шегуіміз керек? Бізді енді кім қорғайды?» деген орынды сұрақ қояды.

Жалпы, мұндай кемшілік қайдан туындайды?

Сөзсіз, соттар оған кінәлі емес. Олар заң талабынан аттай алмайды. Белгіленген норма шеңберінен шықпауы тиіс. Тіпті ол адамгершілікке жатпай, оған қайшы болса да.

Проблема басқада - бізде келісім-шарттар жасалғанда ол жалған ба, жалған емес пе, оны тексеру жүйесі жоқ. Нет механизма проверки «чистоты сделки».

Пәтерді алушы адам оның тарихын қайдан білсін? Оны білуге де мүмкіндік жоқ. Ақысын төлейді, қажет процедурадан өтеді. Әрине, мемлекетке толық сенеді.

Ал, нотариус болса тек үйдің кімнің атында екенін көріп қоя салады. Мүлік даулы ма, жоқ па? Бұрынғы иесі кім, ол үйді қалай сатты? Мұның бәрін тексеруге ол міндетті емес.

Дамыған елдерде мүлік сатылғанда оның бүкіл «биографиясы» мұқият тексеріледі. Егер кейін жалған факт шықса, онда құжатты растаған, тіркеген тұлғалар жауап береді. Германия, Италия, Францияда - нотариустар, Испанияда - риэлторлар, АҚШта - адвокаттар.

Бізге де осындай жүйе құру қажет.

Келісімдердің «тазалығын» тексеруді риэлторлар, адвокаттар немесе нотариустарға жүктеуге болар еді.

Бұл нотариустың міндеті болса, онда оларға ақпараттық базаларды беруіміз керек. Мысалы, бұрын жасалған шарттар, мүлікті сатқан адамдардың құқығы болды ма, жоқ па дегендей.

Германия мен Ресейде жылжымайтын мүлікті сату келісімін міндетті түрде нотариус растайды. Бізде болса, әркімнің өз еркі. Нотариусқа барам десе барады, бармаймын десе бармайды.

Сондықтан осындай механизмді енгізсек, ол алаяқтарға нағыз тосқауыл болар еді.

Сонымен қатар страховой сумманы көбейтіп, материалдық жауапкершілікті шегелеп көрсету қажет. Ресейде нотариустың қателігінен біреу мүлкінен айырылса, страховая компания оған 5 млн. рубль төлейді. Теңгемен - 25 млн. Бізде болса 12 есе аз. Бар болғаны 2 млн. Ол ақшаға жатақхананың бөлмесін де ала алмайсың.

Екіншіден, нотариалдық палатада арнайы компенсация қорын құрсақ. Сонда жәбірленушінің шығыны осы қордан қосымша өтелер еді.

Мұндай проблемалар басқа да азаматтық істерде жиі кездеседі. Әсіресе, халықты қатты қинайтын - банк қарыздары мен жер даулары.

Талғарда бір отбасының 7 сотық жерін әкімдік 100 мың теңгеге бағалап, мемлекет пайдасына алып қояды. Ал, оның нарықтық бағасы 3,5 млн.

Неге өте аз?

Өйткені, заң бойынша жерді қаншаға сатып алсаң, мемлекет сонша компенсация беруі тиіс.

Мысалы, жерді 90 жылы сатып алдыңыз. Ол кездегі ақша - рубль. Айырбас құны: 500 рубль - 1 теңге. Осындай есеппен Астана әкімдігі вокзал маңындағы бір учаскені 2 теңге 80 тиынға бағалаған. Кейбіреулерге 5, 10 теңге ұсынған. Мүлдем ақылға қонымсыз, күлкілі жағдай.

Ең дұрысы, жер орнына ақша емес, соған тепе-тең жер немесе үй беру.

Пекин мен Сочи олимпиадаларына қажет жерлерді мемлекет алып, бірақ оның орнына арнайы үйлер салып берген.

2010 жылы Қызылағаштағы су тасқынынан кейін зардап шеккендерге Үкімет жақсы үйлер тұрғызды. Бір шаршы метрі - 65 мың теңгеден.

Жер учаскесін алғанда азаматтарға неге осындай қолжетімді баспана салып бермеске?

Әрине, инфраструктураға, мектептер мен балабақшаларға ақша кетер. Бірақ, шығыннан оның пайдасы әлдеқайда көп - құрылыс салынады, жұмыс орындары ашылады, шағын бизнес дамиды, ең бастысы, халық риза. Сонда дау-дамайдың, әділетсіздіктің алдын аламыз.

Тағы бір мысал. Астанада екі бөлмелі үй аварийный деп танылады. Заң бойынша мемлекет оны бұзып, көлемі дәл сондай үй беруі тиіс. Бөлме саны ескерілмейді. Сөйтіп, 6 адамнан тұратын отбасын квадратурасы тап сондай, бірақ бір бөлмелі пәтерге әкімдік әкеп тығады. Отбасы қарсы. Бірақ, сотта әкімдік бұл дауды жеңеді. Үлкен семья қазір сол бір бөлмеде азапты күн кешуде. Заң бойынша бәрі дұрыс. Ал, шындығына келсек, нағыз мазақ. Бұл адами этикаға да, эстетикаға да қарсы. Келін бар, ата бар, күйеу мен ене бар - қай халықта да олар қатар жатпайды ғой.

 

Такие проблемы в судебной практике сплошь и рядом. Поэтому с Верховным Судом мы начинаем Проект «Справедливость - главный критерий правовой защиты». Он из двух блоков.

Первый. Промониторим все законы. Цель - найти и устранить нормы, провоцирующие разного рода аферы и мошенничество и вынуждающие суды выносить несправедливые решения. В целом, надо создать такую систему, чтобы сразу реагировать на коллизии и пробелы законодательства, из-за которых страдают невинные люди и бизнес, и которые противоречат логике и здравому смыслу.

Второй блок. По гражданским делам судьи освобождены от сбора доказательств.

Судья втиснут в узкие рамки процесса.

Если кто-то не так сформулировал исковые требования, вовремя не предъявил встречный иск, сослался не на ту норму, то и судьи, и мы, прокуроры, разводим руками и говорим: «это ваше процессуальное упущение».

Ошибся в какой-то юридической тонкости, то всё - добиться правды потом невозможно.

В Актобе банк продал залоговый грузовик за 6,5 млн. Оказалось - машина в угоне и находится в розыске по линии Интерпола. Новый хозяин не успел порадоваться покупке, как его сразу задержала полиция и забрала авто. Покупатель потребовал у банка вернуть ему деньги. Но суды поддержали банк. В итоге пострадал последний покупатель. Нет ни машины, ни денег. Оказывается, иск заявлен не так. Надо было просить не расторгнуть договор, а признать его недействительным. Для обывателя разницы никакой. Но по ГПК это разные вещи. Судья бы и рад подсказать, но не может, запрещает ГПК. Это сильно бьет по авторитету суда.

В то же время никого не смутило, как угнанная машина въехала в Казахстан? Как ее поставили на учет и почему за это не наказан госорган?

Чтобы добиться всей правды, человеку нужно быть или самому искусным юристом либо нанять матерых адвокатов, так как одним процессом тут не обойтись и на это уйдет уйма времени и денег.

Суд - вершина пирамиды правовой системы. Когда человек не может добиться правды, он заявляет: «Я на вас в суд подам!». Суд - последняя инстанция, где ищут справедливость. В этом и авторитет, и мощь судебной власти.

Поэтому предлагаем подумать о расширении процессуальной активности суда. Почему бы не прописать в ГПК исключительные случаи, когда судья может не просто руководить ходом процесса, но и выйти за рамки иска, истребовать доказательства, чтобы докопаться до истины. К примеру, когда человек абсолютно прав, но не может это грамотно обосновать и доказать.

Кайрат Абдразакович, для реализации этих инициатив у нас есть чёткий План. В команде Проекта уже работают судьи, адвокаты, нотариусы, прокуроры. Надо привлечь Минюст, так как много мер законодательного характера.

Мы проанализируем три категории споров, которые составляют почти половину всех дел.

На днях на наших сайтах откроем форумы. Там не только юристы, но и любой человек сможет внести свои предложения, привести примеры, когда суды вынуждены принять законное, но несправедливое решение.

Құрметті Қайрат Әбдіразақұлы, біз ортақ екі жобаны іске асырдық. Демек, бірігіп жұмыс істеу практикасы бар. Оның оң нәтижесін көріп отырмыз. Жаңа жобаларды да бірге сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін.

Депутаттар корпусын, қоғамдық ұйымдарды, жалпы бүкіл қауымды осы жобаларға белсене қатысуға шақырамын. Жобаны іске асыру кезінде заңнамалық ұсыныстарымызды міндетті түрде сіздерге хабарлап, бірге қарайтын боламыз.

 

Назарларыңызға рахмет!

8 сентября 2016, 17:39
Источник, интернет-ресурс: Асанов Ж.К.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Акции
Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код