Лента новостей
0

ОҚО – да үш тұғырлы тіл саясатының іске асырылу барысы талқыланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.09.2016 18:32 Zakon.kz
Жиынға қатысушыларға еліміздің білім беру жүйесіндегі үштұғырлы тіл саясатының іске асырылу кезеңдері түсіндіріліп, ұсыныс-пікірлер алмасылды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығының бастамасымен облыстық этномәдени бірлестік өкілдері мен білім саласының жауапты қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залындағы дөңгелек үстел басында кездесті, деп жазады zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Жиынға қатысушыларға еліміздің білім беру жүйесіндегі үштұғырлы тіл саясатының іске асырылу кезеңдері түсіндіріліп, ұсыныс-пікірлер алмасылды.

Кездесу барысында үштұғырлы тілді білім беру саласына енгізу барысындағы мемлекеттік деңгейдегі тапсырмалар және оның қоғамның бірігуі мен қазақстандық біртектіліктің қалыптасуындағы рөлі туралы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы А.Кенжебаев пен А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Манкеева айтып берді.

Сонымен қатар, жиында сөз алған орыс, славян және казак ұйымдары бірлестіктерінің облыстық филиал төрағасы Ю.Кирюхин тіл саясатындағы міндеттерді тиімді іске асыру аясында білім беру саласы мен этномәдени бірлестіктер арасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Елбасымыз еліміздің егемендігін тұғырлы ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Сондықтан да мектептерде «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасын енгізуді ұсынды. Мұның ұлтжанды, отаншыл ұрпақты қалыптастыруға зор септігін тигізері сөзсіз.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: