Лента новостей
0

Президент оңтүстік жастарын солтүстікке қоныстандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.09.2016 19:50 Zakon.kz
ҚР Президенті солтүстіктегі кәсіптік-техникалық оқу орындарының үштен бір бос тұрғанын қаперге салды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша еңбек күші тапшы аудандарға 20 мыңға жуық адам көшірілді . Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Еңбек ұтқырлығы бойынша жұмыс беруші мен жұмысшыларға бірін-бір табуға көмектесу қажет. Осыған байланысты біз «Серпін» деген жобаны іске асырып жатырмыз ғой. Ол халық тығыз тұратын өңірлердің жастарына білім беріп, оларды кадр тапшы аймақтарға жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде мендегі бар деректерге сәйкес 12,5 мың жас маман оқу орындарында дайындалып жатыр. Мұнан өзге 20 мыңдай адам «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша еңбек күші тапшы аудандарға көшірілді»,- деді Елбасы.

Мемлекет басшысы солтүстікте де, батыста да, шығыста да жұмыс күші аз өңірлер бар екендігін, ал оңтүстікте жұмыс таппай бос жүрген жастар көп екенін баса айтты. Сонымен қатар Елбасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновадан бүгінгі күні солтүстік өңірге қанша адам көшкенін сұрады.

«Бұл бағдарлама аясында биылдың өзінде 329 отбасын Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарына көшірдік. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдіктері арасында өте тығыз байланыс орнатылып, жұмыс жүргізілуде. Ал жастарды Білім министрлігі қосымша жіберіп жатыр. Солтүстік Қазақстанның өзіне биыл 3 мың адам оқуға жіберілді. Біз «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы қаражатын беріп жатырмыз. Ал Білім министрлігі жастарды жіберуде», - деді Т.Дүйсенова.

Осы орайда ҚР Президенті солтүстіктегі кәсіптік-техникалық оқу орындарының үштен бір бос тұрғанын қаперге салды. «Сол жерде 1-1,5 жылдың ішінде оқыту керек. Бұл тегін ғой. Біз бірінші техникалық білімді тегін береміз деп жарияладық», - деді Мемлекет басшысы.

Марлан Жиембай

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: