Лента новостей
0

Ертең ұлттық спорт түрлерінен І «Астана жұлдызы» республикалық турнирінің ашылуы өтеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.09.2016 18:30 Zakon.kz
үш күн бойы келушілер қазақтың ұлттық ойындарының сан түрін тамашалай алады. Атап айтқанда, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ пен асық ату, сондай-ақ, теңге ілудің ең үздік шеберлері өнер көрсетеді.

10 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған ұлттық спорт түрлерінен бірінші «Астана жұлдызы» республикалық турнирі ашылады. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық 14 облыстың командалары қатысады, деп жазады zakon.kz.

Турнирді ұйымдастырушылар - Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы. Елорда тұрғындары мен қонақтары атшабарға №№ 27,43 қалалық маршруттармен және қала маңына қатынайтын №№302,303,308,309 бағдарлармен бара алады.

Қалың жұртшылық үш күн бойы қазақтың ұлттық ойындарының сан түрін тамашалай алады. Атап айтқанда, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ пен асық ату, сондай-ақ, теңге ілудің ең үздік шеберлері мен қыз қуудың теңдессіз жұптарының өнері назарға ұсынылады. Шу асауды жүгенсіз мінетін жүректі жігіттер асау үйрету сайысына түседі.

Қыран баптап түлкі, қасқыр аулаған, қаршыға мен сұңқар баптап сан түрлі құс ілдірген құсбегілер көрсетілімі болады, ор қоянды қыр асырмай ұстайтын жүйрік тазылар фестивалі өтеді. Үш күндік турнир барысында әйгілі өнер иелерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламалар, қолөнер көрмелері және тойшы қауымға арнап ұлттық тағам түрлерінен фестивальдар ұйымдастырылады.

Шара жайлы толық ақпаратты сілтеме арқылы өтіп білуге болады: astana.gov.kz

Фото: info-tses.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: