Лента новостей
0

ОҚО-да «мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты тіл айлығы өтуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.09.2016 23:52 Zakon.kz
Айта кетейік, облыстық тіл айлығы 22 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасымен қорытындыланады.
Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында «Мәңгілік елдің - мәңгілік тілі» атты облыстық тіл айлығы өтуде. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған шара аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сөз - жанның тілі, ән-жүректің мұңы, тіл - рухтың үні», «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте», «Мемлекеттік тіл - барлық халықты біріктіретін тіл» сынды бірқатар тақырыптарда аудан, қалаларда 5 байқау, 8-ден астам акциялар, жоғары оқу орындары мен барлық мемлекеттік мекемелерде 20-дан астам дөңгелек үстелдер мен бір форум, 10-нан астам пікір алмасу жиындары мен дебаттар, әдеби сазды кештер және барлық аудан, қалаларда кітап көрмесі, суреттер мен фотоколлаж, т.б. шаралар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, облыстық тіл айлығы 22 қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл – мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасымен қорытындыланады. Шарада тіл жанашырлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің, «Нұр Отан» партиясының және облыс мәслихатының арнайы алғыс хаттарымен марапатталатын болады.

Сонымен қатар, ауқымды жоспарда «Мемлекеттік тіл – мерейім» атты мемлекеттік тілді білу арқылы жетістікке жеткен өзге ұлт өкілдерімен кездесулер өткізу, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай, «Менің бір ғана Отаным бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» атты мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мамандар арасында ант беру рәсімін ұйымдастыру жоспарланған.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: