Лента новостей
0

Арал маңында қатерлі ісіктен мүгедек жандар саны артып отыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2016 18:34 Zakon.kz
Биыл мүгедектік алған егде жастағы 1151 тұрғынның 85,8% - жұмысқа қабілетті жастағы азаматтар, 14,2% - зейнеткерлер.
Қызылорда облысының статистикалық көрсеткішіне сүйенсек, тұрғындар арасында мүгедек жандар көбейген. Қатерлі ісік Арал маңындағы мүгедектер санының өсуіне негізгі себеп болып отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

«Өткен жылмен салыстырғанда мүгедектікке алғаш рет шалдыққандар 10 мың тұрғынға шаққанда 20,4 жағдайдан 21,3-ке өсті. Биыл мүгедектік алған егде жастағы 1151 тұрғынның 85,8% - жұмысқа қабілетті жастағы азаматтар, 14,2% - зейнеткерлер», - деді ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыстық департаменті басшысының міндетін атқарушы Лиман Боранбаева.
Мұның негізгі себебі қатерлі ісік дерті болып отыр.

«Өлім-жітімге басты себеп қан айналымы жүйесі аурулары, тыныс алу мүшелерінің қатерлі ауруы болып отыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесі адамдардың ұзақ, әрі дені сау болып өмір сүруі үшін барынша жұмыс істеп жатыр.

«Жыл басынан бері атқарылған іс аз емес. Медициналық қызметкерлердің жалақысы 28%-ға өсті, облыстық медициналық, ЖИТС-орталыққа, онко және перинаталдық орталыққа қажетті жабдық алынды, медициналық мекемелерде 30 онкология кабинеті, Қазалы теміржол ауруханасында инсультпен ауыратындарды оңалту орталығы және т.б. ашылды», - деп баяндады әкімдіктің алқа отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Фото: astana.vsesdelki.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: