Лента новостей
0

ҚР ІІМ: Есірткі саудасына қатысты студенттерден құралған топ ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2016 19:17 Zakon.kz
Қылмыстық кестеде «Qiwi-Кошелек» электрондық жүйесіне ақша аудару ескерілген. Осы топтың жетекшісі өзіне сенімді деген ортадағы адамдармен байланыс орнатқан.
Интернет ресурстар арқылы естірткі саудалаған қылмыстық топ әшкереленді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаментінің басшысы Сұлтан Құсетов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Соңғы кезде есірткі бизнесін ұйымдастырушылар еліміздің аумағында интернет ресурстардың көмегімен есірткі өткізуді қолға алған. Таяуда Алматы қаласының Ішкі істер департаменті ұзақ жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде 20-25 жас аралығындағы 8 адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Олардың төртеуі Швейцария, Ресей және Қазақстанның белгілі жоғарғы оқу орындарының студенттері»,-деп атап өтті С. Құсетов.

Қылмыстық кестеде «Qiwi-Кошелек» электрондық жүйесіне ақша аудару ескерілген. Осы топтың жетекшісі өзіне сенімді деген ортадағы адамдармен байланыс орнатқан. Ол есірткіге тапсырыс беретіндерге ұялы телефондардың нөмірлерін жолдап отырған. Клиенттер тапсырыс берген соң, «Qiwi-Кошелек» электронды жүйесі арқылы тапсырыс үшін ақша төлейді. Осыдан кейін оларға ұялы телефон арқылы есірткіні қай жерден алу керектігі туралы хабарланып келген.

Атап айтқанда, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері олардың жалдамалы пәтерінен заңсыз зертхананы және үй жағдайында қарасораны қолдан өсіруге арналған жылы-жай лампалары, желдеткіштер мен электронды құрылғыларды анықтады.

«Тінту жүргізу кезінде 20 келіден астам есірткі, оның ішінде 18 келі гашиш, сондай-ақ екі келі марихуана тәркіленді. 18 келі гашиш 3600-ға жуық дозаны құрайды, яғни оның құны 21 млн. теңгеге бағаланады», - деді департамент басшысы.

Қазіргі уақытта аталған топтың есірткі өткізді деген 10 фактіге қатыстығы дәлелденді. Ұсталғандар Алмалы аудандық сотымен қамауға алынды.

Фото: olkpeace.org
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: