Лента новостей
0

Өскеменде оқушылар қоқыс сұрыптайтын робот ойлап тапты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2016 20:10 Zakon.kz
Осыдан бірнеше жыл бұрын өңірде қоқысты араластырмай, арнайы контейнерлерге бөліп салу жөнінде жоба енгізілмек болған еді. Бірақ иісі қолқаны қабатын іспен ешкім айналысқысы келмеді.
Өскемендік оқушылар тұрмыс қалдықтарын сұрыптайтын робот жасап шығарды. Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары ойлап тапқан құлтемір гидравликалық негізде жұмыс істейді. Ол өздігінен қоқыстарды сұрыптап, қажетті жәшіктерге бөліп тастай алады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Осыдан бірнеше жыл бұрын өңірде қоқысты араластырмай, арнайы контейнерлерге бөліп салу жөнінде жоба енгізілмек болған еді. Бірақ иісі қолқаны қабатын іспен ешкім айналысқысы келмеді. Енді жаңа роботтың көмегімен бұл бастаманы қайта қолға алуға болады, - дейді коммуналдық мекеме қызметкерлері.

Олар жоба авторларымен кездесіп, қызығушылық танытып отыр. Ал оқушылар құлтемірді жетілдіре түспек.

Жанасыл Бақыт, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Біздің ойымызша ол әр үйдің жанына қойылуы керек. Себебі тұрғындар қалдықтарды контейнерге тастайды. Ал робот оны артынша сұрыптап, іріктеп бөліп отырады.

Сергей Казанцев, коммуналдық мекеме қызметкері:

- Әрине ыңғайлы болар еді. Біздің де жұмысымыз біршама жеңілдейді. Бір көлік қатты қалдықтарды алып кетсе, екіншісі басқасын тасиды. Жүзеге асса тиімді жоба болғалы тұр.

Фото: Хабар 24

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: