Лента новостей
0

Ақсулық кәсіпкер бір айда Ресейге 25 ұлттық киім жіберген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.09.2016 23:51 Zakon.kz
Кәсіпорын басшысы Қаламқас Әленова 2012 жылы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 800 мың теңге несиеге неміс тігін машиналарын сатып алған.
Ақсу қаласында 2010 жылы "Атамекен" жеке кәсіпкерлігін ашқан Қаламқас Аленованың ұлттық киімдеріне бүгінде сұраныс артқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тігін цехының бригадирі Нұрбану Алғашбаеваның айтуынша, биылғы жылы бір айдың ішінде көршілес Ресей еліне 25 ұлттық киім жіберген. Оның ішінде қазақтың және орыс ұлтының ою-өрнегімен әшекейленген бас киім, камзол және көйлектер бар.

- Тапсырыс бойынша балабақшаларға, мектептерге, түрлі кәсіпорындарға арнайы және ұлттық киімдер тігеміз. Ендігі мақсатымыз - кәсібімізді кеңейтіп, жеке ғимаратқа көшу. Қазіргі таңда "Светлана" дүкенінен орынды жалға алып отырмыз. Күніне 30-дан астам киім тігеміз. Барлығы 10 адам жұмыс істейді, - дейді Нұрбану Алғашбаева.

Айта кетерлігі, кәсіпорын басшысы Қаламқас Әленова 2012 жылы "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында 800 мың теңге несиеге неміс тігін машиналарын сатып алған. Ал, 2014 жылы Қамзин көшесінен 64,4 шаршы метрді құрайтын жеке тігін цехын ашу үшін жеті жыл мерзімге мемлекеттен 9 млн 150 мың теңге рәсімдеген. Бүгінде бұл соманың 4 миллион теңге қарызы қайтарылған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: