Лента новостей
0

Павлодарлық оқушылардың арасында математиктердің саны артуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.09.2016 16:40 Zakon.kz
Олимпиада тапсырмаларын жоғары оқу орындары мен өңірдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің үздік ұстаздары дайындаған.
Павлодарда дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде математика пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Гаждембек Тұрсыновтың айтуынша, осымен қатарынан алты жыл барлық мектептерден ең талантты, дарынды оқушылардың басын қосқан білім додасына қатысушылардың саны артуда. Мәселен, 2015 жылы олимпиадаға 78 оқушы келсе, биыл 7-8 сыныптарынан 89 оқушы қатысқан.

- Олимпиада тапсырмаларын жоғары оқу орындары мен өңірдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің үздік ұстаздары дайындаған. Бұл тапсырмаларға мектеп бағдарламасынан тыс орындалатын логикалық және күрделі есептер кіреді. Біз жаратылыстану-математика бағытындағы білікті мамандарды дайындауымыз керек, - дейді Гаждембек Тұрсынов.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы Арайлым Авид және дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Святогор Горбатюк пен 8-сынып оқушысы Владислав Черданцев қанжығасына байлады. 2-орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8-сынып оқушысы Жандос Абдыгалиев, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушылары Анатолий Горьков, Анна Лаптева, 8-сынып оқушысы Кристина Зелева және дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Әубакір Бекзат иеленді. Сондай-ақ, 3-орынға дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Аружан Ысқақова, Юрий Науменко, Данил Тимошенко, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8- сынып оқушысы Назерке Садықова, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған № 1 лицей-мектебінің 6-сынып оқушысы Владислав Крючков, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Ерасыл Маулетханов лайық деп танылды. Айта кетерлігі, ең жоғары нәтиже берген оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, Қ. И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадасына жолдама алды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: www.itmathrepetitor.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: