Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Тищенко Левит Риодағы ең мықты қарсылас болғанын мойындады

Ол сондай-ақ, боксшыларды марапаттау рәсімінде қазылар алқасының шешіміне келіспеген халықты тыныштандыруға тырысқан Василий Левитке құрметпен қарағанын айтты.

Фото : 19 сентября 2016, 10:03
Ресей спортшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Евгений Тищенко Риодағы жарыс кезінде қазақстандық Василий Левит турнирдің ең мықты оппоненті болғанын мойындады. Бұл туралы боксшы «Комсомольская правда» газетінің сұрақтарына жауап берген кезде айтты, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

«Шиеленіс жағынан және қарсыластың деңгейі бойынша ең ауыры финал болды. Василий Левит менің оппоненттерімнің арасында ең мықтысы болды», - деді Тищенко.

Ол сондай-ақ, боксшыларды марапаттау рәсімінде қазылар алқасының шешіміне келіспеген халықты тыныштандыруға тырысқан Василий Левитке құрметпен қарағанын айтты. Еске сала кетейік, ақтық сайыста қазылар алқасының шешімімен қазақстандық боксшы В.Левит қарсыласы ресейлік Е.Тищенкодан жеңіліп, «күміске» лайық деп танылды.

«Нәтиже шыққан бойда зал маған қарсы болды. Жекпе-жек барысында Василийдің қолдаушылары көптігін сезіндім. Кейін жеңіс қолымда екенін түсініп, оған мән бермеуге тырыстым. Маған марапаттау кезінде және одан кейінгі баспасөз мәслихатында өз-өзімді лайықты ұстау ғана қалды. Василий құрметке лайық», - деді Тищенко.

Фото: www.metronews.ru

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии