Лента новостей
0

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.09.2016 16:43 Zakon.kz
Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтсе, басқа жемістердің 100 тоннасын шетелге экспорттаған.
Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөз қызметінің ұйытқы болуымен республикалық және облыстық журналистерге Қазығұрт ауданындағы «Аманкелді» ЖШС-на пресс-тур ұйымдастырылды, деп жазады zakon.kz.

Тілшілер онда шаруа қожалығындағы жүзім алқабы мен бау шаруашылығымен танысып, ондағы жұмысшылармен сұхбаттасты.

Бүгінде 150 гектар алқапқа егілген жүзімнің күздік түрлері жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтсе, басқа жемістердің 100 тоннасын шетелге экспорттаған. Күздік жиын-терім қызу жүріп жатқан шаруа қожалықта бүгінде 150 тонна жүзім, 100 тонна алма, 80 тонна қара өрік пен 80 тонна алмұрт асханалық-сортты жемістер жиналған. Жиналған өнімдер балғын түрінде күндегісі нарыққа саудалануда.

Жалпы ауданда 2266 гектар алқапқа бау-бақша өнімдері егілген болса, оның 500 гектары осы серіктестікке тиесілі.

Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр ауруларын, қан аздықты (анемия) емдеуде көп қолданылады. Құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.

Мұнан бөлек, шаруашылықта 2 мың тонналық жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын мұздатқыш қоймасы бар. Бүгінде Нұрлан Құралов басшылық етіп отырған «Аманкелді» ЖШС-не 3800 азамат маусымдық және тұрақты жұмысқа орналасқан.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: