Лента новостей
0

«Ұйқы дерті» жайлаған Калачи ауылының тұрғындары баспанамен қамтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.09.2016 16:43 Zakon.kz
Шаруашылық субъектілері көп көмек көрсетті. 74 отбасы көшіп келді. Тұрғындарды көшіруге 740 миллион теңге қаржы жұмсалды
«Ұйқы дерті» жайлаған Калачи мен Красногорский елді мекендерінен 209 отбасы қоныс аударды. Тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі оң шешілді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин облыстық мәслихат депутаттары алдында берген есебінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыс әкімінің айтуынша, Калачи мен Красногорский ауылдарынан 137 отбасы Есіл мен Державинск қалаларындағы жаңа үйлерге қоныстандырылды. 74 отбасы шаруашылық субъектілері есебінен өзге елді мекендерге көшірілді. Бүгінгі күні 209 отбасы қоныс аударды. Калачи мен Красногорский селоларында 128 отбасы тіршілік етеді. Олардың 113-і қоныс аударуға үзілді-кесілді қарсы болып отыр.

«Бұл жерден тез арада қоныс аудару керектігі, әсіресе, балалардың болашағы алаңдататындығы көп айтылды. Ал мәселе шешіле бастаған тұста «Жылы орнымыздан қозғалмаймыз» дегенді естідік. Қалай дегенмен, баспана мәселесі шешілді. Шаруашылық субъектілері көп көмек көрсетті. 74 отбасы көшіп келді. Тұрғындарды көшіруге 740 миллион теңге қаржы жұмсалды», – дейді өңір басшысы.

Есіл аудандық мәслихатының депутаты Әнел Ерденова Калачи ауылы тұрғындарының мәселесін шешкені үшін облыс әкіміне алғысын жеткізді.

«Көп жылдар бұл – мемлекет пен облыстың ең бір күрделі мәселесі болып келді. Өңір басшысының бастамасымен бұл мәселе оң шешілді. Есіл мен Державинск қалаларында үйлер салынып, тұрғындар жұмыспен қамтылды, балалар да мектепте оқуларын жалғастыратын болды. Дегенмен, осы пәтерлерді жекешелендіруге келгенде мәселе туындап отыр. Осы назарға алынса екен», – дейді депутат.

Облыс әкімі түйткілді мәселені шешу оңай болмағандығын алға тартты.

«Республика бюджетінен үйлерді жаңғыртуға және баспана құрылысына қажетті қаражаттың бөлінуіне қол жеткіздік. Кейін үй тұрғызылғанда оған тұрғындардың барлығы бірдей көшпейтіндігін білдік. Қазір осындай 128 отбасы қалды. Осы үйлерді күтіп ұстауға қажетті қаражат бюджеттен төленді. 75 пәтерлі үй бос тұр. Бірақ, оған тұрғындар көшкілері келмейді. 1 қыркүйекке дейін күтуге шешім қабылданды. Пәтерлерді балалар үйінің тәрбиеленушілері мен бюджеттік ұйым қызметкерлері алады. Сонымен, бұл тақырыпқа қайтып оралмаймыз», – дейді С.Кулагин.

Фото: today.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: