Лента новостей
0

Елбасының тапсырмаларына сәйкес ОҚО-да мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2016 20:49 Zakon.kz
Жалпы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясында өңірдің алдағы 5 жылға арналған даму бағдарламасы талқыланып, бекітілді. Жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы бойынша облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов бірқатар тапсырмалар беріп, қорытынды жасады. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде, облыста 7 индустриалдық аймақ табысты жұмыс істеуде (Шымкент, Кентау, Түркістан, Созақ, Түлкібас, Мақтаарал, Казығұрт). Сонымен қатар, 4 индустриалдық аймақтың инфрақұрылымдарының құрылысы жүргізілуде

Жалпы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны құрылды.

«Индустриалды-инновациалық даму» бағдарламасы аясында 27 млрд. теңгеге 16 жобаны іске қосып, 845 жұмыс орнын құру жоспарланса, жыл басынан 2 жоба іске қосылып, 74 жұмыс орны ашылды, деді облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс төртінші сессиясында.

Анықтама:

«Шымкент май» АҚ –өсімдік май өндірісін ұлғайту - 1,9 млрд. теңге, 26 жұмыс орны;

«Lotus Food Company LLC» ЖШС - тез даярланатын азық-түлік әзірлеу - 471 млн. теңге, 48 жұмыс орны.

Бағдарлама аясында бюджетке түскен салықтардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда 804 млн. теңгеге артып, 5,4 млрд. теңгені құрады.

6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 384 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,3% артты.

Өсім бойынша облыс республика бойынша алдыңғы қатарда.

Фото: otyrar.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: