Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ОҚО-да ауылшаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда

21 сентября 2016, 15:01

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ОҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 123 млрд.теңгені құрап, 2% артты.

Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлы екенін ескере отырып аталмыш саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталып отыр. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары,мал басын асылдандыру бойынша ОҚО-да қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ОҚО-да ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 123 млрд.теңгені құрап, 2% артты.

Егіс көлемі өткен жылдан 13 мың гектарға артып, 788 мың гектарды құрады. Суармалы 466 мың гектар жердің 93% игерілуде (434 мың га).

Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 108,4 мың тонна, көкөністен 811 мың тонна, бақшадан 1 252 мың тонна, картоптан 195 мың тонна, масақты дақылдардан 470 мың тонна өнім жиналды.
Алғаш рет бидайдың орташа өнімділігі 22 центнерді құрап (2015 ж. – 17,8 ц/га), рекордтық өнім алынды.

Тамшылатып суғару әдісі қосымша 6000 жуық гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 49,7 мың гектарға жетті (Республикадағы үлесі 73%).

Жылыжайлар қосымша 72 гектарға салынып, жалпы 1 098 гектарға жетті (Республикадағы үлесі 87%). Осы жылыжайлардан 80 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды.

Терең қопсыту технологиясы 89 мың гектарға енгізілді.

Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен 35 мыңнан аса мал басы сатып алынды.

4000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

Фото: akimsemey.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...