Лента новостей
0

Жетісу ауданының тұрғындары жаңа құбыр желісі арқылы ауыз суды тұтынбақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.09.2016 21:10 Zakon.kz
Жетісу ауданының жартысына тіршілік нәрін жеткізетін құбыр арқылы сағатына 300 текше метр су жіберілмек.
Келер айдан бастап Алматының Жетісу ауданының тұрғындары жаңа құбыр желісі арқылы жеткізілген ауыз суды тұтынады. Соңғы үш ай бойында салынған желі құрылысы алдағы айда толық аяқталып, пайдалануға беріледі, деп жазады Алматы телеарнасы.

Айнабұлақ, Қарасу, Дорожник сынды жүздеген мың халық тұратын бірнеше ауданға су жеткізген құбыр 1974 жылы салынған. Құбыр ескіргендіктен, апат жиі орын алып, тұрғындардың сусыз қалуы қалыпты жағдайға айналған. Ал, жаңа магистраль жобасы бойынша, қазір бір емес, екі бірдей құбыр жүйесі қатар салынып жатыр.

Құшақ жетпес мына қос құбырдың әрқайсысының көлемі 600 мм-ден. Енді бір айдан кейін қаланың төменгі аудандарының тұрғындары осы құбыр арқылы суды іше бастайды. Апат орын алған жағдайда біріншісінде су жіберіп, екіншісінде жөндей жұмыстары жіберіледі. Яғни, бұрынғыдай апат орын алған кезде қаланың халқы біраз уақытқа дейін ауыз сусыз қалу деген келеңсіздікті мүлдем ұмытады.

Қарасу, Айнабұлақ аудандарында соңғы жылдары тұрғындар саны күрт өскен. Ал, онсыз да ескірген құбыр жарылмағанның өзінде халықтың сұранысын толық қанағаттандыра алмайтын. Жетісу ауданының жартысына тіршілік нәрін жеткізетін құбыр арқылы сағатына 300 текше метр су жіберілмек. Жаңа құбыр желісі алдағы уақытта сұраныстың артуына орай судың көлемін де молынан өткізе алады. Ол үшін арнайы реттеуші құрылғылар да орнатылып жатыр.

«Бекітпе класс «А» деп аталады. Сырғыма апатты жағдайларда суды тезірек жабуға мүмкіндік береді. Бұрынғылар шойын. Қолмен бұрауға өте ауыр болатын», - деді инженер Бауыржан Сүгірбек.

Жалпы, қазіргі таңда қалада күнделікті 550 - 650 мың текше метр су пайдаға жаратылады. Осы қажеттілікті ысырапсыз жұртқа жеткізу үшін жасалатын жұмыс әлі де көп қалада. Ал, Айнабұлаққа қарай тартылған су желісінің жалпы ұзындығы 4 шақырым. Үш айдан бері жасалып жатқан жұмысты толық аяқтауға мекеме 317 миллион теңге бөлген.

«15 км су құбыры жаңартылады. Жөндеу қаланың басқа да аудандарында да бар. Қазіргі біздің көріп, тұрғанымыз ең ауқымды істеріміздің бірі. Ал, басқа аудандарда апатты жерлер ғана жасалады», - деді «Алматы Су Холдингі» МКК қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Ақбота Жылысова.

Жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асатын су желісін жөндеуге биыл бөлінген қаржы көлемі 819 миллион теңге. Соңғы сегіз жылда қаладағы ескіріп, шіри бастаған жүз шақырымға жуық құбыр жаңартылған. Ал, суық су ағатын жерасты құбырларының жалпы ұзындығы Алматыда 2800 шақырымға жетеді.

Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: