Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Таразда «Ядролық қарусыз әлем құру» форумы өтті

22 сентября 2016, 10:06

Форумның мақсаты – ядролық қарусыз әлем құру саясатын насихаттау және одан бас тартуға шақыру.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Семей сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Ядролық қарусыз әлем құру» форумы өтті. Іс-шараға Жамбыл облысындағы жоғары оқу орындары ұжымы мен студенттері және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды zakon.kz, ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.



Форумның мақсаты – ядролық қарусыз әлем құру саясатын насихаттау және одан бас тартуға шақыру.



Жиын барысында ТарМПИ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Орынқыз Жолдасова баяндама жасады.

– Біздің халқымыздың қалауымен, Елбасының бастамасымен бұдан 25 жыл бұрын жүзеге асқан бұл тарихи актінің болашақ үшін зор мәні бар. Бұл қырық жылдан астам уақыт бойы біздің Жер анамызды тітіркенткен қатал да қайталанбас зұлмат болатын. Мәліметтер бойынша, Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында 468 рет ядролық бомба сынақтан өткізілген. Алапат зауал бір жарым миллионнан астам отандасымыздың тағдырын тәлкекке салып, денсаулықтарына зиянын тигізді. Оның зардабы әлі күнге сезіліп келеді, – деді Орынқыз Жолдасова.



Сонымен қатар форумда «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысының Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Раиса Рысқұлбекова, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар Кеңесі төрағасының орынбасары Араксия Плетнева, «Неведа-Семей» полигонының ардагерлері Людмила Чекалина, Оразбек Үмішбаев және ТарМПИ-дың 2-курс студенті Асылзат Құнанбай ядролық қарусыз әлем – адамзат ұмтылуға тиіс, біздің ортақ мақсатымыз екеніне тоқталып, қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.



Форумның соңында арнайы үндеу қабылданды. Үндеуде: «Біз баршаңызды Елбасымыздың баянды бастамасына құлақ түріп, бейбітшілікке төнген ядролық қатерді жоюға, біздің ортақ планетамызды өркендетуге және ессіздіктің нағыз алапатын саналы түрде жете түсінуге шақырамыз!», –делінген.



Фото: ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі

Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...