Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі индустриалдық аймақ құруға берілген

22 сентября 2016, 14:30

Жұмыспен қамтылған адам саны 4154-ті құрап, 102 пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 11817,8 млн. теңгені құрап, 114 пайызға артты.

Кентау қаласы Елбасының бір салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енгізілгеннен кейін көптеген жұмыстар жандана бастады. Қала жаңа кейіпке еніп, өзгерістер пайда болды. Жыл сайын жетістікке қол жеткізіп келеді. Оған төмендегі сараптамалық материал дәлел, деп жазады zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қала бюджеті.

2016 жылы 7 айда бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдердің жоспары 100,5 пайыз, немесе 33,2 млн. теңгеге артық орындалды (жоспар – 6881,1 млн. теңге, нақты - 6914,3 млн.теңге). 2015 жылғы осы уақыттағы кезеңмен салыстырғанда қала бюджеті жеке кірістердің өсу қарқыны 105,3 пайызды құрап отыр.

Оның ішінде өзіндік жергілікті түсімдер 576,6 млн. теңгеге жоспарланып, 609,8 млн. теңгеге немесе 33,2 млн. теңгеге артығымен орындалып, 105,8 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,7 млн. теңгеге артқан.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 12519,5 млн. теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем (индексі) 104,7 пайызды құрады.

Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібінде 84,0 млн.теңгеге өнім өндірілген, нақты көлем (индексі) 2,1 есе, өңдеу өнеркәсібінде 11495,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, (НКИ) - 104,0 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемі 703,0 млн.теңгені, -103,1 пайызды, сумен жабдықтау 409,9 млн.теңгені, -100,3 пайызды құрады.

2010-2016 жыл аралығында Кентау қаласы бойынша индустриаландыру картасына жалпы 9 жоба (жалпы құны - 11980,2 млн.тенге) енгізілген. Индустриаландыру картасының іске асырылып келе жатқаннан беры құны 3609,0 млн.теңге, 255 жұмыс орнын құрайтын 4 жоба іске асырылып, жоспарлық қуаттылықты игерді.

Сонымен қатар, 2016 жылдың қыркүйек айында 1 жоба («Электродеталь» ЖШС, құны 867,0 млн.теңге, жаңа жұмыс орны 50) іске қосылу жоспарланды. 2017 жылы іске қосылатын 4 жоба, жалпы құны -7504,2 млн.теңге, жаңа жұмыс орны – 508 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі индустриалдық аймақ құруға берілген.

Индустриалдық аймаққа (25 га) 1 419,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, 1 943,5 млн.теңге, 4 жоба, 145 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Индустриалды аймақтын 25 га-ның 4,85 га. – 4 жоба орналастырылған болса, 4,3 га. жер телімі инфрақұрылым жүйесіне бөлініп берілген, қалған 15,85 га жер көлемін құрап отыр.

Сонымен қатар индустриалды аймаққа қызығушылық танытып, алдағы уақытта орналасуға ниет білдерген 3 кәсіпкерлермен жұмыстар атқарылуда. Жалпы 1,4 га жер теліміне, 232 млн.теңге инвестиция тарту көзделуде.
Шағын және орта бизнес Кентау қаласының экономикасын дамытуға үлесін қосып отырған саланың бірі.

Кентау қаласы бойынша іс-әрекеттегі ШОК субьектілерінің саны статистикалық деректерге сәйкес 2016 жылдың 7 айында 2927 бірлікті құраса, 2015 жылдың осы кезеңінде 3318 бірлік болып, 88,0% құрап отыр.

Жұмыс істейтін ШОК субьектілерінің кемуі ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің жеке кәсіпкерлер базасы мәліметінің жандандырылуынан және шаруа қожалықтарының жер телімдерінің заңға сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылуы мен 32 ШҚ төрағаларының қайтыс болуы себепті кірістер басқармасының жұмыс істеп тұрған есебінен шығарылып, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда айырманың туындауына негіз болып отыр.

Жұмыспен қамтылған адам саны 4154-ті құрап, 102 пайызға, өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 11817,8 млн. теңгені құрап, 114 пайызға артты.

Қаланың ауыл шаруашылығы саласында 964,4 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.

Оның ішінде, мал шаруашылығы 684,4 млн.теңгені құрап, 104,6 пайызға, егін шаруашылығы 280,0 млн.теңгені құрап, 99,7 пайызға жоғарылады.

Қала бойынша 2 гектар жылыжай салу жоспарланып, 0,9 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 45,0 пайызға орындалды, жалпы көлемі 13,5 гектарға жетті, саны 105 бірлікті құрады.

Әдісін 250 гектар жерге енгізу жоспарланып, жылдық жоспар 100,0 пайызға орындалды. Жалпы 523 гектарға енгізілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 90 ірі қара мал алынып, жылдық тапсырма (200 бас) 45 пайызға орындалды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңға 15 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 37,5 пайызға орындалды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 200 бас), тапсырма 150,0 пайызға орындалды.

Есепті мерзімде 44 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, (тапсырма 43 бірлік), жылдық тапсырма 102,3 пайызға орындалды. Жалпы 186 бірлікті құрады.

18 шағын жанұялық сүт аулаларын ашу жоспарланып, 11 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, жылдық тапсырма 61,1 пайызға орындалды. Жалпы 31 бірлікті құрады.

Мал басы: ІҚМ басы 11916 бас 116,6%-ға, қой-ешкі 56092 бас 131,9%-ға, жылқы 1586 бас 125,6%-ға, құс 14700 бас 92,0%-ға, шошқа 59 бас, 67,8% құрады.

Мал өнімдері: ет 587,1 тн. 102,9%-ға, сүт 2997,0 тн. 108,4%-ға өсті, жұмыртқа 597,2 мың дана 114,1%-ды құрады.

Фото: kentau-kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...