Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодарда Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориалды тақта қойылады

Қазақ өнерінің жарық жұлдызы, актер жерлесіміз Кәукен Кенжетайұлының туғанына биыл 100 толып отыр. Осыған орай тақтайшаны өңірімізге белгілі суретші, мүсінші Бота Машрапов жасады

Фото : 22 сентября 2016, 16:29
Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының қабырғасына жерлесіміз Кәукен Кенжетаевқа арналған мемориалды тақта орнатылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қазақ ССР халық әртісі, Баянауыл ауданының тумасы режиссер Кәукен Кенжетайұлына арналған мемориалды тақтаның ашылу салтанаты 28-қыркүйек күні театрдың 27-ші өнер маусымының ашылуымен бірге өткізілмек. Қазақ театрының кезекті өнер маусымы осыдан бір жыл бұрын, яғни Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай сахнаға шыққан «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай» тарихи драмасымен ашылады. Режиссерлері – Ғ. Ештанаев пен Р.Ыбыраева.

- Қазақ өнерінің жарық жұлдызы, актер жерлесіміз Кәукен Кенжетайұлының туғанына биыл 100 толып отыр. Осыған орай тақтайшаны өңірімізге белгілі суретші, мүсінші Бота Машрапов жасады, - дейді облыстық мәдениет, архивтер және ұжаттама басқармасының басшысы Айнұр Сәрсенбаева.

Айта кетерлігі, театрдың жаңа маусымында аталмыш өнер ордасының ұжымына биыл Астана қаласындағы «Шабыт» өнер университеті мен Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы цирк-өнер колледжін бітірген жеті жас әртіс келіп қосылды.

Тілеуберді Сахаба

Фото: qazaqadebieti.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии