Обнаружено блокирование рекламы на сайте

Уважаемые пользователи,

создатели сайта не желают превращать его в свалку рекламы, но для существования нашего сайта необходим показ нескольких баннеров.

просим отнестись с пониманием и добавить zakon.kz в список исключений вашей программы для блокировки рекламы (AdBlock и другие).

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының 300-ге жуық тәрбиеленушісі ант қабылдады

23 сентября 2016, 09:47

Қазіргі кездегі әскери антқа келтіру рәсімі кадеттер үшін атаулы күн болып есептелінеді. Себебі, олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кадет корпусының құрылуының 20 жылдығында оқуға түсті.

Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында 2016 жылы қабылданған бірінші курстың кадеттерін әскери антқа келтіру жөнінде салтанатты іс-шара өткізілді. Қазіргі кездегі әскери антқа келтіру рәсімі кадеттер үшін атаулы күн болып есептелінеді. Себебі, олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Кадет корпусының құрылуының 20 жылдығында оқуға түсті. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Салтанатты жағдайда 282 кадет әскери ант қабылдады. «Ақмола облысы Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткерлері, Кеңес Одағының батырлары Мәлік Ғабдуллин мен Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов секілді батырларын мақтан тұтады.

Олар өздерінің ұстанымдарына берік жалынды патриоттар, өз өмірлерін Отанға қызмет етуге сарп еткен өз істерінің кәсіпқойлары болды. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери ант қабылдаған кадеттер өздерінің оқуларын абыроймен аяқтап, мемлекетіміздің қорғаныс қабілеттілігіне титтей де болса үлестерін қосатынына сенім білдіреді», - деді Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Жанат Ережепов.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы командирлердің бірінші көмекшілері болып табылатын сержанттар құрамының жоғары білікті әскери қызметшілерін даярлау бойынша Орта-Азиялық өңірдегі бірден-бір оқу орны болып табылатынын айта кетейік.

Фото: www.mod.gov.kz


Біздің қазақ тіліндегі жаңалықтар Facebook-та 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку – выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите на ссылку сообщить об ошибке.

Комментарии
Загрузка комментариев...
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript или заблокирован сайт http://hypercomments.com
Добавить комментарий
Введите имя
Чтобы увидеть код начните набирать сообщение Введите код из 3 сим-волов, отображенных черным цветом. Язык кода - русский. обновить код
Новости партнеров
Загрузка...
Loading...