Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ОҚО-да «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» іс-шарасы өтті

Мерекелік жиында бірқатар азаматтарға Елбасының қолы қойылған «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық наградасы табыс етілді.

Фото : 26 сентября 2016, 10:18
Шымкент қаласындағы Абай саябағында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» және «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен елдің бірлігі мемлекетіміздің басты байлығы екендігін атап өтті.

Мерекелік жиында ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарға Елбасының қолы қойылған «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі» қоғамдық наградасы табыс етілді. Сонымен қатар, ынтымақтың ұйытқысы болып жүрген азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының және облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.

Елдегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтумақсатында өткен шараға Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер төрағалары, өзбек этномәдени бірлестігінің аудан, қалалардағы филиалы басшылары мен өкілдері қатысты.

Фото: ontustik.gov.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии