Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Ұзынағашта жоғалған үш жігітті өлтірген күдіктілердің есімі белгілі болды

Олардың өліміне Жамбыл облысының тумасы – Талғат және Оңалбаев Мұрат есімді адамдар кінәлі. Олар, аталған үш азаматты 18 қыркүйек күні кешке қарай 16:00-17:00 аралығында екеуін басынан, біреуін кеудесінен атқан.

Фото : 26 сентября 2016, 17:50
Өткен жексенбі, яғни 18 қыркүйек күні, Ұзынағаш базарында мал сатумен айналысып жүріп жоғалып, соңында сүйектері табылған үш азаматтың өліміне қатысты қылмыскерлердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz.

1979 жылы туған Долданұлы Жарқынбек, 1973 жылғы Зарлыханұлы Мұқият пен Әлімхан Қадылбек есімді жігіттердің қылмыскерлер қолынан қаза тапқаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Қазаға ұшыраған азаматтардың жақындары бүгін Сот сараптамалық орталығынан үш мәйітті алып, Алматы облысы Көксу ауданына алып кетті.

Олардың өліміне Жамбыл облысының тумасы – Талғат және Оңалбаев Мұрат есімді адамдар кінәлі. Олар, аталған үш азаматты 18 қыркүйек күні кешке қарай 16:00-17:00 аралығында екеуін басынан, біреуін кеудесінен атып өлтірген.

Бұл туралы Сот медициналық сараптамалық орталығынан мәйіттерді алған үш адамның туысқандары өздері көрген, естіп білген жайттарды баяндап берді.

Сондай-ақ, аталмыш қылмыстық оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін деген мәліметтермен бөлісті қайтыс болған жігіттердің туған-туыстары. Әзірге, бұл жайында ішкі істер органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Видео: Қамшы.кз

Фото: baq.kz


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии