Лента новостей
0

Павлодар облысында соңғы бес жылда балалар үйі 14-ке азайған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.09.2016 18:11 Zakon.kz
Бүгінгі күні өңірде жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1812 бала тұрады.
Павлодар облысында соңғы бес жылда ата-ана қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға арналған ұйымдардың саны 19-дан 14-ке азайған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммникация қызметінде өткен брифинг барысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов мәлім етті.

- Жетім балалардың санын азайту балаларды азаматтардың отбасына тапсыру есебінен жүргізіледі. Соңғы үш жылдың ішінде 1309 ұл-қыз отбасы қамқорлығына тапсырылған. Оның ішінде 903-і қамқорлық пен қамқоршылыққа, 113-і патронаттық тәрбиеге және 293 бала асырап алынған. Бұдан басқа, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынан туыстарына 354 бала қайтарылған. Қазірде балаларды бауырына басуды күтіп отырған 88 үміткер ай сайын жетімдер үйіне барып отырады. Өтініш бергендердің басым бөлігі жаңа туған сәбилерді алғысы келеді. Сондай-ақ, елімізде отбасын қолдау орталықтары құрылып жатқанын айта кеткен жөн. Мұндағы мақсат - ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасылардың қамқорлығына орналастыру. Яғни, интернаттық мекемелерді айналып өтіп, отбасына өткізу, -деді Ернұр Дәуенов.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінгі күні өңірде жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1812 бала тұрады. Оның ішінде 1073-і қамқоршылық және қорғаншылықта, 96-сы патронатты тәрбиеде, 583-і жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарында, 41-і денсаулық сақтау ұйымдарында және 19-і әлеуметтік қорғау және еңбек ұйымдарында.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: