Лента новостей
0

Павлодар облысында соңғы бес жылда 169 үй жаңғыртудан өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.09.2016 17:13 Zakon.kz
2011 жылдан бері облыста 115 тұрғын үй жөндеуден өткен. Қамзин көшесі, 70 мекенжайында жөндеу жұмыстары аяқталды.
Павлодар облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңғырту және «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде 169 тұрғын үй жөнделді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағұстар Бегентаевтың айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру басталған кезде көпқабатты пәтерлердің 55 пайызы түрлі жөндеу жұмыстарын қажет еткен.

- Тұрғын үйлерді термомодернизациялау мақсатында 91 үйдің жабындысы қалпына келтіріліп, 14 нысанның ағаш терезе блоктары заманауи энергия үнемдегіш шыныларға ауыстырылды. Сонымен қатар, 18 үйдің ауласы қалыпқа келтірілді. 107 көпқабатты үйдің жылу және су жабдықтау инженерлік желілері ауыстырылды, - деді Бағұстар Бегентаев.

Айта кетерлігі, 54 нысанда жылу энергиясын есептеу құралы мен 16 автоматтандырылған жылу пункті орнатылды. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлердің үлесі 33 пайызға азайды. Бұған қоса, пәтер иелерінің қаржысы есебінен 180 тұрғын үй қалпына келтірілді. Осылайша, 20 мыңнан астам тұрғынның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды.

- Павлодарда 80-ші жылдары салынған жөндеуді талап ететін үйлер көп. Мемлекет мұндай үйлердің тұрғындарына қол ұшын созып, жаңғырту бағдарламасын ұсынған болатын. Соның арқасында олар үйді толықтай күрделі жөндеуден өткізе алады, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қизат Жақыпов.

2011 жылдан бері облыста 115 тұрғын үй жөндеуден өткен. Қамзин көшесі, 70 мекенжайында жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Теплов көшесі, 38/2, Ермак көшесі, 17 және Исеналиев көшесі, 12 мекенжайларында жұмыс бітуге жақын. Бұдан басқа, 70 үй сараптамадан өтті.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Рavlodarnews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: