Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

2016 жылы ҚР-да долларсызданудың белсенді процесі басталды

ҚР ҰБ басшысы сондай-ақ, теңгенің қазіргі еркін өзгеруі жағдайында айырбастау бағамының әлсіреу, сол сияқты нығаю мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.

Фото : 28 сентября 2016, 13:20
«Біз 2016 жылы долларсызданудың белсенді процесі басталғанын көріп отырмыз» - мұндай үрдіс туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырудағы баяндамасында хабарлады, деп жазады zakon.kz.

«Жыл басынан бері теңгемен депозиттер 49%-ға немесе 2,4 трлн. теңгеге өсті, ал шетел валютасымен депозиттер 4,5%-ға немесе 500 млрд. теңгеге қысқарды», - деді Д.Ақышев.

ҚР ҰБ басшысы сондай-ақ, теңгенің қазіргі еркін өзгеруі жағдайында айырбастау бағамының әлсіреу, сол сияқты нығаю мүмкіндігі бар екендігін атап өтті. «Сондықтан біз кәсіпорындарға және халыққа барлық жинақтарын шетел валютасында сақтамауға, оларды әртараптандыруға бірнеше рет кеңес бердік. Бұдан басқа, қазіргі кезде халық үшін теңгемен депозиттер бойынша мөлшерлемелер шетел валютасымен депозиттер бойынша мөлшерлемелерге қарағанда 7 есе тиімдірек», - деп қорытындылады Д.Ақышев.

Фото: informburo.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии