Лента новостей
0

Қызылорда облысында мал ұрлығы азайды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.09.2016 17:23 Zakon.kz
Прокурорлардың айтуынша, аймақ полицейлерінің қарқынды жұмысының арқасында қылмысты ашу көрсеткіші 19%-ға артқан.
Қызылорданың құқыққорғау органдары мал ұрлығын азайтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Соңғы бес жыл ішінде аймақта мал ұрлау көбейіп кетті. Қылмысты азайту мақсатында жауапты органдар бірлесе жұмыс істеді. Мамыр айында мал ұрлауға қарсы іс-қимыл жобасы әзірленді. Бүгінде ол өз нәтижесін көрсетті», - дейді Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботагөз Сейіл.

Прокурорлардың айтуынша, аймақ полицейлерінің қарқынды жұмысының арқасында қылмысты ашу көрсеткіші 19%-ға артқан.

«Егер малыңыз ұрланса, онда дереу полицияға хабарлауды сұраймыз. Өйткені, қылмысты ізін суытпай ашу оңай. Кейде малды қайтарып та үлгереміз», - дейді облыстық ІІД жергілікті полиция бөлімінің басшысы Аман Бақытжанов.

Енді, облыстың 142 елді мекенінде жергілікті атқару органдары жайылымды бақылайтын болды. Бұған дейін сиыр немесе жылқы жайылымға қараусыз шығарылатын. Соның кесірінен, ұрлықтың 70%-дан астамы жайылымда болған.

«Аз уақыт ішінде ірі қара ұрлығын 22%-ға азайттық. Ет өнімдерін сату үшін арнайы құжат керектігін де ескерттік», - дейді Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов.

Фото: kostanaytany.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: