Лента новостей
0

Судьялардың әдеп кодексі (Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айым Шаяхметова)

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.10.2016 15:36 Фото: zakon.kz

Судьялардың әдеп кодексі

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясында «қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытты» атты халыққа арнаған жолдауында «осынау аса құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс»деп атап көрсеткен болатын. Осы мақсатқа орай судьялардың этикасы туралы кодекстің жобасы әзірленді. Жаңа кодекстің жобасы бес тарауға бөлініп, 8 баптан тұрады. Ол Қазақстан Республикасының Конститутциясының, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заңының және халықаралық жалпы жұрт таныған принциптерімен нормаларына негізделген. Кодекс жобасында судьяның мінез-құлық принциптеріне ерекше көңіл аударылып, оның сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңды және ар-ожданды басшылыққа алып, шешім қабылдау қажеттілігі көрсетілген.

Судья сот билілігінің беделін түсіретін, абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның оъбективтілігі мен бейтараптылығына күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен өзін аулақ ұстауға тиіс. Қазіргінің судьясы бұрынғының билері. Жұмыстан тыс кезінде де судьяның мінез құлықтары мен сыртқы келбеті оның қызметіне лайықты болуы керек. Қызмет бабын өзінің жеке басынының, отбасы мүшелерінің немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін пайдаланбауға тиіс.

Жобаның қазіргі қолданыстағы кодекстен айырмашылықтарының бірі - мұнда этикалық кодекстің талабын бұзған судьның тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығы нақты көрсетілген. Этикалық норманы бұзу фактісі сот төрағаларының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдар бойынша сот қауымдастығының өкілетті органнының шешімімен анықталады. Ал, сот төрелігін атқару қызметіне қандай да болсын ықпал ету немесе араласу фактісі болған жағдайда судья сот төрағасына хабарлауға міндетті. Судьяға мемлекеттік мүлік пен қызметтік куәлігіне ұқыпты қарау, азаматтық құқықтарын адал пайдалану және азаматтық міндеттерін орындау жүктелген. Әрине, құжатта судья әдебінің нормалары егжей-тегжейлі көрстеілуі мүмкін емес, тек судьяның мінез құлқына қатысты негізгі шектеулер белгіленген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспарында заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау керектігі айтылған.

Жаңа кодексті қабылдау Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде де сөз болған. Сондықтан, судьялардың келесі съезіне дейін бұл кодексті мінсіз құжатқа айналдыру - басты міндет. Бұл дегенім судья өзін өзгелерден жоғары ұстау керек деген сөз емес.

Абай атамыздың қара сөзімен айтқанда, өзін - өзі өзгешеліктен артық көрсетпек адамдардың нұрын, гүлін бұзады. Судья ең бірінші әділ, ұқыпты, әдепті және де адамгершілігі мол болуы тиіс. Сонда ғана судья құрметті болады.

Қорыта айтқанда әрбір судья істі қарағанда ешкімге тәуелсіз, жалпы адамзат құндылықтары - бостандықтары, шындық, әділдікті басшылыққа ала отырып, тек заң негізінде шешім қабылдауы тиіс.

 

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Айым Шаяхметова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: