Лента новостей
0

ОҚО-да қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.10.2016 22:48 Zakon.kz
Мәжіліс барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.
Кеңес отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары – Д.Сатыбалды, облыс әкімінің аппарат басшысы – Е.Әлімқұлов, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырысты облыстық қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы, облыстық мәслихаттың депутаты Ө.Мелдеханов ашып, жүргізіп отырды.

Кеңестің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

1) «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
(облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы);

2) «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі №6/86-ІV шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (облыстық денсаулық сақтау басқармасы);

3) «Cу қорғау аймақтары мен белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимі туралы» облыс әкімідігінің қаулы жобасы туралы; (облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы);

4) «2016 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасы туралы; (облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы).

Отырыс барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының басшылары баяндама жасап, жалпы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу себептері бойынша мәлімдеді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар енгізілді.

Кеңес отырыс қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша коғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан мақұлданып, облыстық мәслихаттың қарауына ұсынылды.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: