Лента новостей
0

Оңтүстікте адвокаттар алқасының жаңа ғимараты ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.10.2016 17:29 Zakon.kz
Әділет департаментінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды адвокаттар алқасының құрылу тарихымен таныстырып өтті.
Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Шараға облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов, Әділет департаментінің басшысы Е.Дауылбаев, адвокаттар алқасы ұжымы мен заң кеңселері меңгерушілері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысып, нысан салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет департаментінің басшысы өзінің құттықтау сөзінде іс-шараға қатысушыларды адвокаттар алқасының құрылу тарихымен таныстырып өтті.

Облыстық соттың төрағасы және адвокаттар алқасының ардагерлері қорғаушылардың сапалы заңгерлік қызмет көрсетіп, олардың іс-әрекеттеріне байланысты арыздардың түсу фактілеріне жол бермеу қажеттігін айтып, кәсіби мамандардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтау керектігі туралы әңгімеледі.

Жаңа ғимаратта соттың әділ шешімдері қабылданып, сот ісі ашық әрі айқын болары хақ. Қазақ елінде ежелден әділдіктің символы– билер институты болып табылады. Жаңа қоғамда олардың рөлін әділ судьялар атқаруда.

Елбасының әрдайым қолдауының арқасында елдің сот жүйесі дұрыс бағытта қызмет етуде. Себебі Елбасымыздың бекіткен «100 нақты қадам» бағдарламасында сот жүйесін модернизациялау бағыттары белгіленген. Модернизациялау материалдық, техникалық жағынан да қарастырылуы қажет.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: