Лента новостей
0

Шыңғысханның ұрпақтарына қалдырған өсиетінің құпиясы шешілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.10.2016 18:04 Zakon.kz
Жазбада Шыңғысханның кейінгі ұрпаққа кеңестері жазылған, онда «сенімсіздік тудырған адамға сырыңды ашудың қажеті жоқ» делінген.
Ғалымдар А.В. Анохин атындағы Алтай Республикасы Ұлттық Мұражайында сақталған Шыңғысханның қолжазбасының құпиясын шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақыл кілті» қолжазбасы XIII-XIV ғасырлардағы көне моңғол тілінде жазылған. Бұл ғылымға белгілі ең ежелгі моңғол қолжазбаларының бірі, - деп жазды «Комсомольская правда».

Таулы алтай мұражайы қызметкерлерінің хабарлауынша, қолжазба сутра үзінділерін қамтиды. Көп парағы жоғалып қалған. Ғалымдардың пікірінше, қолжазбаны хат жазуға жаттығу үшін пайдаланған болуы мүмкін. Парақшаларда ежелгі моңғол әліпбиі мен жазу үлгісі бар.

Мәтінді үш адам жазғанға ұқсайды. Мысалы, олардың бірінің жазуы әдемі. Ғалымдар бұл мұғалімнің не жазуға машықтанған адамның жазуы екенін айтады. Қалған екі жазу жаңа жазып үйренгендер сияқты. Мәтінді бамбук таяқшаларымен және қылқаламмен жазған. Жоғарыдан төмен қарай жазылған классикалық моңғол хаты, жолдар оңнан солға қарай орналасқан.

Шыңғысханның жолдауын РҒА СБ филология институтының бас ғылыми қызметкері Ирина Невскаяның басшылығымен ғылыми диссертация қорғау аясында германиялық университеттің студенті Херлен Больд шешті.

Сутра балаларды тәрбиелеу кезінде тапсырма, өсиет түрінде ауызша таратылған болуы мүмкін. Бастапқыда оны Шыңғысханның өзі айтқан. Ауыздан-ауызға тарап, қолбасшының жолдауы қатты өзгеріске ұшыраған.

Жазбада Шыңғысханның кейінгі ұрпаққа кеңестері жазылған, онда «сенімсіздік тудырған адамға сырыңды ашудың қажеті жоқ» делінген.

Сондай-ақ Шыңғысхан кеңестерінде «әйелдердің сөзіне аса сенбеуге» үндеген. «Құл арқылы ұлыңа бұйрық берме», «жауыз немесе іші тар адаммен кеңеспе», «көпшілік адам мақұлдағанды теріске шығарма» деген үзінділер бар.

Фото: www.inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: