Лента новостей
0

ОҚО әкімі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы есте қаларлықтай тойлану қажет

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.10.2016 15:16 Zakon.kz
Облыс әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің қатысумен селекторлық мәжіліс өтті.
Жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымының барысы туралы мәселелер қаралды. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан апаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тәуелсіздік – еліміздің үлкен жетістігі екенін айтқан облыс әкімі мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгүштікке тәрбиелейтін ерекше кездесулерге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Яғни, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер жайы баяндалатын шаралар ұйымдастырылуы тиіс.

Селекторлық мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша ОҚО ІІД басшысы мен ОҚО Жергілікті полиция басшылары атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеме жасады.

Өңірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Абылаев 9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты.

Сонымен қатар баяндамашының мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соңына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды.

Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым облыстың жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.
Бүгінгі күнге облыстағы 3272 бюджеттік мекемелерінің 2816-на жылу берілген. Ал өңірдегі орталықтандырылған жылу жүйелерінен қамтылатын 2278 көпқабатты тұрғын үйдің 2118-не жылу беріле бастады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайын күн тәртібінен тыс қалдырмаған облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бір жерден құжат алу мүмкіндігін ұйымдастыруды тапсырды. Яғни, кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау білдіріп, қағазбастылықтан арылуды міндеттеді.

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды және әрбір көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: