Лента новостей
0

Жыл басынан бергі инфляция деңгейі 2,6 пайызға жетті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.10.2016 17:50 Zakon.kz
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру – ұлттық банктің негізгі ұстанымы. Ол экономикадағы ақшаның обьективті құнын анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бергі инфляция деңгейі 2,6 пайызға жетті. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында осы жылдың 9 айындағы ақша, кредит саясаты мен қаржы секторы туралы баяндаған Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп жазады BNews.kz.

Оның айтуына қарағанда ішкі инфляцияны 8 пайыздық деңгейге келтіру керек.

«Себебі бұл банктің ішкі праритеті. Онсыз инвестициялық белсенділікті қалпына келтіре алмаймыз. Сонымен қатар онсыз теңге бағамын тұрақтандыру мүмкін емес. Биылғы жылдың қыркүйек айы бойынша инфляция 0,2 пайызды құрады. Ал жыл басынан бергі инфляция деңгейі 2,6 пайызға жетті» – дейді ұлттық банк басшысы.

Бұл дағдарысқа дейінгі уақытта да осындай деңгейде болған. Ал биылғы жылға жоспарланған мақсатты көрсеткішке алдағы екі-үш айдың ішінде қол жеткізуге болады.

«Ақша нарығында пайыздық мөлшерлемені қалыптастыру – ұлттық банктің негізгі ұстанымы. Ол экономикадағы ақшаның обьективті құнын анықтауға мүмкіндік береді. Онсыз банктердің нарықтық шарттарды несиелендіруі мүмкін емес. 2016 жылдың 3 қазанында ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 12,5 пайыз болғандығын айтқым келеді» – дейді Данияр Ақышев.

Фото: today.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: