Лента новостей
0

Ж.Түймебаев «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Төрағасы болып сайланды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.10.2016 23:26 Zakon.kz
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтті. Отырыста партия Төрағасының Бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед төрағалық етті.
Конференция барысында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан апаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ал жаңа төраға өзіне жүктелген сенім үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен облыстың дамуына үлес қосуға да партия белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.
Ширек ғасырда еліміздің қол жеткізген жетістігінің баршасында халықтық партия – «Нұр Отан» партиясының үлесі зор екенін айтқан Оңтүстік Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қыстауов атқарылған жұмыстар жайын баяндады.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасы және партияның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру бойынша мақсатты да нәтижелі жұмыстар жүргізіп келген.

Айта кетейік, облыстық партия филиалының есебінде 110903 партия мүшесі бар, олар 328 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Сондай-ақ, есепті кезеңде жаңадан 40 бастауыш партия ұйымы құрылды. Партия қатарын лайықты азаматтармен нығайту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде есепті кезеңде партия қатарына жаңадан 28939 азамат қабылданып, облыстағы партия мүшелерінің саны 24758-ге артты. Ал «Жас Отан» жастар қанатының облысымызда 11 аудандық, 4 қалалық бөлімшесі болса, оларда жалпы саны 23 341 мүшесі бар.

Жиында сондай-ақ, Саяси кеңес бюросының жаңа құрамы бекітіліп, бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: