Лента новостей
0

Миллионер мұғалімді Қызылорда облысынан табуға болады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.12.2016 20:41 Zakon.kz
Білім саласына көрсетілген ұдайы қолдаудың арқасында облыс жастарының білім сапасы жоғарылап, биік белестерді бағындыруға жол ашылып отыр.
Сыр өңірінде қазіргі қолданыстағы білім беру нысандарының 70 пайызы тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген. Соңғы 25 жылда аймақта «Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Қазақ-түрік лицейі», дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, тәжірибесі білім беру жүйесінің барлығына таралатын инновациялық мектептердің дербес желісі құрылған.

Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қарқынды дамудың жарқын үлгісі болды. Балабақшалардың 65 пайызы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді. 3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім берумен 100 пайыз қамтылып, «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалып отыр. Баланы оқытудағы ізгі істері оң бағаланып, озат мұғалімдерге автокөлік кілттері берілді. Сондай-ақ, бұл салада қызмет ететіндер арасында «Миллионер» мұғалімдер қатары артқан. Биылдың өзінде республикалық байқауда бағы жанған 4 ұстаз 2 миллион теңгенің сертификатын иеленсе, ал, «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық байқауы жыл сайын «миллионер» мектептер қатарын көбейтуде. Биылғы жылы бұл номинация №4 дарынды балаларға арналған мектеп интернатының ұжымына бұйырып, 17 миллион теңгенің иегері атанған.

2014 жылы үш ауысымдағы білім беру жүйесі жойылып,апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толықтай шешіліп отырған бірден-бір аймақ, осы Қызылорда өңірі. Колледждер саны 4 есе өсіп, Ресей Федерациясының іргелі оқу орындарында аймақ басшысы Қ. Көшербаевтың қолдауымен 300-ден астам мектеп түлектері жоғары деңгейде кәсіптік білім алуда. «Мәңгілік ел – индустрияға», «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында да еліміздің солтүстік өңірінде білім алып жатқан жастар көптеп саналады. Осы бағдарлама аясында үш жылда Сыр өңірінен 4458 мектеп бітіруші түлектер солтүстік, батыс өңірлерде білім алуға мүмкіндік алды. Оның ішінде колледждер мен ЖОО-ы қамтылған.Осы аталған бағдарлама бойынша өткен жылғы мемлекеттік тапсырыстың басым бөлігін иеленген де Сыр елінің жастары болды. Биылғы жылы да түлектердің белсенділігі жоғары болып отыр. Осымен қатар өңірге қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан биылғы жылғы мектеп бітірушілер мен студенттерге арналған облыс әкімінің грантын 135 бала иеленген. Нәтижесінде соңғы үш жылда облыс бойынша 435 мектеп бітіруші Қызылорда мен еліміздің басқа қалаларындағы ЖОО-да облыс әкімінің гранты бойынша білім алуда.

Соңғы үш жыл көлемінде облыс әкімінің қолдауымен облыстың мектеп бітіруші түлектері Ресей Федерациясындағы іргелі оқу орындары - Мәскеу Ұлттық технологиялық зерттеу университетіне (МИСиС), К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне және Санкт-Петербург технологиялық университетіне оқуға қабылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.

Білім саласына көрсетілген ұдайы қолдаудың арқасында облыс жастарының білім сапасы жоғарылап, биік белестерді бағындыруға жол ашылып отыр. Соңғы үш жылдың ішінде мектеп түлектерінің ҰБТ-дағы көрсеткіші бойынша елімізде 13 орыннан 5 орынға шыққан.
.
Фото: SeverPost.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: