Лента новостей
0

БҚО-да теріс діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.12.2016 16:17 Zakon.kz
Облыстардағы мешіт пен діни бірлестіктердің және теолог мамандардың қолға алуымен теріс діни бағытты ұстанушыларды оңалту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары бір жағынан толығып, бір жағынан әр алуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі күні көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы болып қалыптасты, деп жазады zakon.kz.

Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсер етері анық.

Батыс Қазақстан облысында дін мәселесі, теріс діни ағымдардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жоспарлы, мақсатты және дәйекті ұйымдастырылуда. Ауданда дін саласындағы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша мемлекеттік саясатын жетілдірудің 2016 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды.

Облыстардағы мешіт пен діни бірлестіктердің және теолог мамандардың қолға алуымен теріс діни бағытты ұстанушыларды оңалту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Жамағаттар арасында спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Мәселен, БҚО- дағы Сырым ауданы бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде діни экстремизмнің, теріс діни ағымдардың алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында «Сырым» деструктивтік діни жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігіне 2 млн қаржы бөлініп, жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.

Бүгінде Сырым ауданында 5 мұсылман мешіті бар. Олар Жымпиты, Бұлдырты, Жосалы, Тоғанас, Аралтөбе ауылдық округтерінде орналасқан. Барлық мешіттер ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңының 15 бабына сәйкес қайта тіркеуден өткізілді.

Аудан көлеміндегі барлық діни шараларға, Сырым аудандық мешіттің бас имамы, Нұр Мүбарак университетінің түлегі жоғары білімді Бақытжан Сабралиев, найб имам Ғабдолла Оңаев сынды имамдар еңбек етуде.
Аудан бойынша ауылдық округтердегі тұрғындар арасында түрлі діни ағымдағы жүрген азаматтарды анықтау және саяси ахуал үнемі назарға алынып, бақылауда ұсталуда. Аудан көлемінде діни негізде шиеленіс немесе жанжал орын алған емес, бірақ исламның дәстүрлі емес бағытын ұстанушы азаматтар бар. Оларға үнемі сараптама жүргізіліп, теріс діни ағымдарды ұстанушы азаматтардың тізімі тиісті құзырлы органдармен бірлесе отырып жасақталды.

Ауданда халық арасында діни экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі дінімізді насихаттау, теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында үстіміздегі жылдың 10 айында 9 дөңгелек үстел, 3 семинар кеңес, 38 ұжымдағы кездесулер ұйымдастырылып, 4000-ға жуық адам қамтылды.

Діни ахуалды зерделеу және талдау, тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу және діни сауаттылығын арттыру мақсатында аудандық «Сырым елі» газетінде әр тоқсан сайын «Дін-діңгек» айдарымен арнайы беттер шығарылуда, үстіміздегі жылы 56 мақала аудандық басылымға, облыстық газетке 12 мақала, республикалық басылымда 3, жарияланды. Бұл материалдардың ішінде атқарылған жұмыстармен қатар дәстүрлі дінді насихаттау, діни экстремизнің алдын алу, екпе мәселесі сияқты мақалалар, сонымен қатар БҚО Дін істері басқармасы ұсынған ғылыми тұрғыда сарапталған ҚР МСМ ҒЗТО (Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы) ғылыми қызметкерінің сараптамалық көшірме мақалалары да бар. Facebook, ВK, әлеуметтік желісінде атқарылған жұмыстар туралы 30 ақпарат жарық көрді.

Фото: mahalla1.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: